Қоғамды толғандырған жер мәселесі

Бүгінгі таңда ауданымызда Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерді және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына қатысты туындаған сұрақтарды аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатындағы жұмыстар өз  жалғасын табуда.
Дүйсенбі күні аудан әкімі Серік Шайдаровтың төрағалығымен Елбасының ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді ауданымыздағы шаруа қожалық иелеріне түсіндіруді мақсат еткен жиын өтті. Бұл жиынға қала, кент және ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ауданымыздағы барлық шаруа қожалық иелері, фермерлер қатысты. Жиналыста әзірленген ұсыныстар мен сұрақтарды жер реформасы бойынша құрылған республикалық комиссияға  жіберілетін болады. Өңір басшысы Жер Кодексіндегі кейбір баптарға мораторий жариялағанын, ол жөнінде Қазақстан Республикасы бойынша комиссиялар құрылып, жұмыстар атқарып жатқанын айта келе, бұл ретте жергілікті тұрғындар айтқан ұсыныс – пікірлерді тыңдау маңызды екенін тілге тиек етті.

  • Қазіргі  таңда жер төңірегінде түйткілді мәселелер қозғалып жүр. Елбасы айтқандай, «жер тағдыры — ел тағдыры. Біздің алдымызда ел үшін тағдырлық мәні бар мәселені мұқият талқылау міндеті тұр. Осыған дейін айтылғандай, жер шетелдіктерге сатылмайды және сатылған емес. Бұл мемлекеттің мызғымас ұстанымы». Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің мақсаты — жердің жұмыс істеуі, халықтың игілігі үшін пайда әкелуі. Жер реформасы бойынша комиссия құрылып, ҚР азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сату және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру туралы бірнеше кездесулер өткізді. Сол сияқты Ақмола, Алматы облыстарында көшпелі отырыстары болды,  – деді аудан басшысы.

Осыған орай, жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Сатыбаева «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» жарлығына тоқтала кетті. Жер кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң нормаларын қолдануға; шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталында шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығын беруге; жеке және заңды тұлғаларға ондай жерлерге жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланғаны туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда бұл мәселе төңірегінде call – орталығы мен «Нұр Отан» ғимратында қоғамдық нысан жұмыс істеп жатыр, жер заңнамаларына байланысты туындаған мәселелерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстары қабылдануда. Ауданда арнайы жер реформасы бойынша ақпараттық – түсіндірме тобы жұмыс жасауда Оның құрамына мемлекеттік мекеме өкілдері, ауданның құрметті азаматтары, депутаттар, қоғам қайраткерлері кірген. Сонымен қатар, ол осы жылдың 1 шілдесінен бастап жерді аукцион арқылы сату мәселесі, ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заң және басқа да нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер жайлы кеңінен талқылады. Аудан бойынша суармалы жер 15990 га құрайды екен. Мұның ішінде 2,9 мың га қолданылмайды.

Ал кәсіпкерлер палатасы Абай аудандық филиалының төрағасы Н.Перегон жерді жеке илікке беру керктігін алға тартты. «Осы уақытқа дейін ауданымыздағы кәсіпкерлер тарапынан ешқандай ұсыныс, сұрақтар болған жоқ. Біз бүгін аса маңызды мәселе – Жер кодексі нормаларын талқылау және түсіндіру үшін, сонымен бірге облысқа ұсыныстарыңызды айту үшін жиналып отырмыз. Менің ойымша, жерді шетелдіктерге жалға беру керек, алайда оның мерзімін айқындаған жөн. Бұл салған инвестициясына қарай байланысты болу керек» деп барлығына дерлік ат салысуға шақырды.

Аудан басшысы С.Шайдаров жер реформасы бойынша комиссия құрылылған республикалық Комиссияның отырысындағы бірқатар мәселелерді атап өтті. Бұл жер сату, жалға беру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сату, мал бағу, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алу жайлы болды.

Жиын қатысушыларына АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау іс – шаралар туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Санаубаров егжей – тегжейлі түсіндіріп берді.

Бұдан кейін өз ұсынысыныстарымен ауданымыздағы ірі шаруа қожалық басшылары ұсыныстарын білдірді. Көксу ауылдық округінің «Шанс» шаруа қожалығының басшысы И.Жабяк ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану жағдай толғандыратынын. Ауданымыздағы ірі шаруашылық барлық жағынан отарлы мал шаруашылығымен айналасуға асықпайтын шаруалардың жайылымдық жерлерімен қоршалған. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бірігуін және өз күшімен алға жылжуға шақырды. Сонымен қатар,  жерді 49 жылға жалға бкруді қалдыруды ұсынды.

Сол сияқты кездесуде «Астро Агро ЛДТ» ЖШС директоры А.Мұқашев бірнеше қызықты ұсыныстар айтты. Ол бірінші кезекте жер мемлекетке тиесілі болуы тиіс деді. Сондай – ақ жерді үшінші тұлғаларға сатуға шектеу қою керектігін, мемлекеттік қолдаудың үлкен маңыздылығын айта келе, суару каналдарын жөндеуден өткізуді алға тартты. Ал, ең басты мәселенің бірі жерді тиімсіз пайдалау көңілді көншітпейтігін жеткізді. «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Ш.Осин ұсыныс пайымлдарын ортаға салды. Суландыру жүйесі елуде елу болу керек делінді. Мұнда мемлекетке де, шаруа қожалыққа да тиімді болу керек. Жерді сатып алып, мұрагерліккке кетпеу үшін қандай да бір тоқтау салатын қағаздың болғаны дұрыс делінді. Түбегейлі жерді сатып алып, жекеменшік иесіне кетпеу керектігін ескертті. «Ал шет елдіктерге жалға беретін болсақ, олар пайдаланған жерлердің кейін зиянды қалдықтар қалмасына кім кепілдік береді?» деп атап көрсетті.

Сол сияқты бұл ұсыныстарға өз қолдауларын «Нияз-Батыр» шаруа қожалығының өкілі, аудандық мәслихат депутаты, «Тұлпар» ш/қ басшысы К.Канжекеев, «Поливное» ф/қ басшысы А.Ибрагимов білдірді.

Тұрғындардың әрбір өтініш – ұсыныстарын мұқият тыңдаған аудан басшысы оның ешбірі назардан тыс қалмайтынын айта келе, күллі пікірлер жинақталып, жоғарыдағы жер реформасы бойынша құрылған комиссияға ұсынылатынын айтты.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *