ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР

Осыдан бірнеше апта бұрын редакциямызға ауданымыздың белгілі әншісі Боташ Ноғаева қоңырау шалған болатын. Дауысы жарқын – жарқын естіліп, өз қуанышымен бөліскен апайымыз шәкіртінің өнер жолын қуып, ең ірі университеттің біріне түскендігін жеткізді.  Топар кенті мектебінің түлегі, жас әнші Әсел Тютюбаева Ресейлік театр өнерінің университетіне жолдама алып, оқуға түсті. Барлық емтихандарынан сүрінбей өткен Әселді университеттің белді және атақты әртісі, ұстазы Владиимир Николааевич Панков таңдап алған екен. Бұл кісінің қанатының астында білім алатын жас әншімізге тек алдағы уақытта сәттілік тілейміз. Ресейдегі, бұл, театр өнерінің университеті Европадағы және әлемдегі ең ірі театральдық жоғарғы оқу орыны болып табылады. Ол Мәскеу қаласында орналасқан.

Жастайынан ән салып, көпшілікті таңқалдыра білген жас әншіміз 18 жасына дейін бірнеше марапаттар мен жүлделерге ие болған. «Маленькая Мисс Караганда», «Первая Вице Мисс Караганда», «Мини Мисс Казахстан» титулдарының иесі, сол сияқты «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашылығы   байқауының II дәрежелі дипломы және республикалық «Ақ көгершін» байқауларының І,II,III дәрежелі дипломдарының иегері, облыстық «Дельфийлік ойындарының» 2-ші дәрежедегі күміс жүлдегері, қалалық «Дельфийлік ойындарының» 1-ші алтын белгі иегері, аудандық «Кемпір қосақ» байқауының бас жүлдегері, «Астана мерей — 2013» республикалық, Ақтөбе қаласындағы «Айналайын» байқауларының І орын жүлдегері атанады.

Тек қана елімізде ғана жетістікке жетіп қоймай шетелде Италияның Римини қаласында өткен халықаралық «RIMINI FEST – 2010» байқауының эстрадалық және халықтық номинациялары бойынша I дәрежелі дипломдардың иегері, Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында өткен «Лучший город КZ» жобасының финалисі болған. Әселдің осындай дәреже жеткізіп, еңбек етіп, ұстаздық қылған, ешқашанда үйретудан жалықпаған ұстаздары бар. Эстрадалық вокалдан  жетекшісі – Боташ Ноғаева болса, дәстүрлі әннен ұстазы – Алтынай Ақшалова.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *