ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Осы аптада аудан әкімі С.Шайдаров Абай қаласының және Топар кентінің бірқатар жерлерін аралап, қаламыздағы жылу құбырларының ағымдық жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдымен Жеңіс даңғылындағы, содан кейін Курчатова көшесіндегі және ҚР Тәуелсіздігінң 10 жылдығы көшесінің жылу құбырын жөндеу және тазалау барысын бақылады.  Мұндағы жасалынып жатқан жұмыстарды сапалы және уақытылы жасалуын қатаң түрде тапсырды. Қабылдап алу құжаттарына да аса мән беру керектігін ескертті.

Содан кейін биылғы жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында және халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан аулаларды жөндеп беруді сұраған болатын. Осыған байланысты республикалық бюджеттен 3 – шағынауданындағы 8, 9, 11, 15 көпқабатты үйлердің аулаларына жөндеу жұмыстары жасалып, асфальттар төселінді. Балаларға футбол ойнайтын және бүлдіршіндерге ойнайтын алаң салынған болатын. Тұрғындар жасалынып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, жас жеткіншектер қуаныштарын жасырмады. Сонымен қатар аудан басшысы Жеңіс даңғылындағы 2, 2а, 2б, 4, 6, 8 үйлердің аулаларына салынып жатқан жолдар мен ойын алаңдарын қарап шықты. Жалпы алғанда бұл жерде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Ендігі осы салынған алаңдарды келешекте күтіп ұстау тұрғындарға байланысты деп баса айтты.

Топар кентіне барған аудан басшысы ат басын бірден  МАЭС бұрып, орнатылған жылу есептегіш құралы төңірегінде пікір алмасты. Жылу маусымына дайындықтарын тексеріп, бірқатар жұмыстармен танысты. Ескі есептегіш құралдарының жаңаға ауыстырып, құбырларын жөндеген. Ауданымызда ыстық су қолданатындар әлі де бар, соларды анықтау алдағы жұмыстардың бірі деді. Бұл жердегі жұмыстардың бәрін қазан айына дейін аяқтайтынын толық сеніммен айтты.

Одан кейін Топар кентінің әкімі Қ.Мүсілімова  Н.Әбдіров, Сары – Арқа, Ленина көшелеріндегі және Топар кентіне кіреберіс жолдардың орташа жөндеу жұмыстарымен таныстырды. Аудан басшысы жұмыстардың баяу жасалынып жатқанына көңілі толмайтынын білдіріп, жолдардың сапасына мән беру керектігін және де кент әкіміне ешкімге арқа сүйемей жұмысты қарқынды жасау керектігін қадап айтты.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

One thought on “ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • 06.09.2016 at 10:02
    Permalink

    Добрый день! Да без спорно, много что делается для города, особенно центр города не узнать! Красота и чистота. Но возьмите чуть дальше центра города, а там дикий ужас! БАМ!!! улицы: Транспортная, Таттимбета, Байжанова, Интернациональная, Южная… такое ощущения что на этих улицах люди не живут. Асфальта нет из покон веков. О нем можно только мечтать! На счет освещения и говорить не приходиться… Потом удивляемся, там грабеж, там изнасиловали или еще что -то в этом роде…Зато в центре как в Лас- Вегоссе .Центральное отопление, не далеко проходит трасса с данным теплом… сколько лет бьемся никому и дела нет! У нас пищерный век, до сих пор нет центральной канализации! Везде в городе площадки, и прочее а мы не можем добиться в данное время-элементарного. Впрос акиму Абайского района: почему такое деление между улицами одного города?

    Жауап беру

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *