АУДАННЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Құрма ауылдық округіндегі «Құрма агрофирмасы» ЖШС –не барып, құс фабрикасының жұмысымен танысты. Облысымыздағы құс еті мен жұмыртқа өндіру бойынша ең ірі саналатын аталмыш фабрикада бүгінгі таңда 350 – ден астам адам еңбек етеді. Жыл сайын 218 млн. дана жұмыртқа өндіріледі. Жаңа озық тезнологиялармен жабдықталған. Бұл еңбек өнімділігін өсіретіндігі сөзсіз.

Құс фабрикасының басты бағыты – тауарлы және асыл тұқымды Ақ Кросса Хайсекс тауық жұмыртқасын өндіру болып табылады. Құс басы ағымдағы жылдың 1 тамызына 42,2 мың басты құрады, оның ішінде тауық – 17,3 мың, инкубациялық жұмыртқа өнімділігі жылына 8 млн. дананы құрады.

Құс фабрикасының директоры Валентина Селантьева аймақ басшысына қайта жаңғыртылған, жаңа құрылғылармен таныстырды. Таза, жарық қорада құсты азықтандыру, саңғырығын тазарту жұмыстары автоматтандырылған. Заманауи ауа реттегіштері орнатылған. Инкубация цехы, балапан өсіру цехы, өндірістік топтарға арналған цехтары,  жұмыртқаларды сұрыптау цехы, құс сою цехы, зоотехникалық және ветеринарлық зертханалары бар.

Бұдан кейін облыс әкімі  биогаз орнату бойынша құрылыс жұмыстары барысымен танысты.

Өңір басшысының келесі бағыт алған ауылы – Ақбастау ауылы болды. Мұнда «Сары Арқа» агроөнеркәсіптік шаруашылығы ЖШС – нің тыныс – тіршілігімен танысты.

Шаруашылықтың жалпы жер аумағы  28 123 га құрайды, оның ішінде егістік – 5 580 га, тыңайған жер – 3 337 га, шабындық – 990 га, жайылым – 21 398 гектар. Мал басының саны 2016 жылғы 1 тамызына 328 бас ірі қара малды құрады. Өндірістік қуаты – жылына 800 тонн дейін ет өндіреді. 2016 жылы айналымға 2480 га енгізілді, оның ішінде 1300 арпа, 500 га сұлы, 40 га жүгері, 40 га амарант, 400 га судан шөбі, 200 гектарэкспарцетпен еркекшөп.

Биылғы жылы «Сарыарқа» АӨК-нің 3000 ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы ашылған болатын. Алаңның қазіргі таңдағы тиімді тұстарымен танысып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Н.Әбдібеков ауылдағы мал дәрігерлік бекетінің жұмыс барысымен танысты. Мұнда мал дәрігерлік бекетіндегі мал дәрігер бөлмесімен және  дәрі – дәрмектерді, биоматериалдарды сақтау бөлмелерін қарап шықты.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *