Ақ орамал — аналар тілегі

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған кеңкөдемді республикалық «Ақ орамал» акциясы Құлаайғыр ауылдық округінде  аталып өтті. Іс-шара бір ғана оқиғамен  шектеліп қойған жоқ, жастармен кездесу, ашық есіктер күні және тақырыптық байқаулар өткізілді. Ардагерлер Кеңесінің бастамасымен ауылдық Мәдениет үйінде  көп балалы аналардың қолынан жас келіндерге бейбітшілік пен келісімнің белгісі ақ орамал табысталды. Ауыл тұрғындары мен жастар ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысты. Ауылымыздың құрметті аналары  Мәдениет үйінде ұйымдастырылған қазақ ұлттық мәдени орталығына аталмыш акция белгісі – ақ орамал ілді. Шын мәнісінде «Ақ орамал» акциясы баласының бейбіт болашағына  алаңдайтын аналар тілегіндей.

«Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *