ЕЛ ИГІЛІГІ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ

Аудан әкімі С.Шайдаров осы аптада жұмыс сапарымен Тасзаемка және Көксу ауылдарына барды. Ең алдымен аудан басшысы Тазаемка ауылына кіреберістегі жолдың ағымдық жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Аталмыш жол 1989 жылы салынған, содан бері 85% тозығы жеткен.  Сол себепті биылғы жылы облыстық бюджеттен  39 113 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Жұмыс барысымен «Ислам – KZ» ЖШС – нің мердігері Думан Жанғабылов таныстырды. Қазіргі таңда су жіберілетін құбырларды салу жұмыстарының аяқталып қалғанын, бұдан кейін жолға асфальт төсеумен айналысатынын жеткізді. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарының кестеден қалып келе жатқандығын айта келе, қазан айына дейін бітіруді, бөлінген қаражатты уақытылы игеруді тапсырды. Сонымен қатар жол жиектерін бекітуді дұрыстап жасауды және жөндеу жұмыстарын сапалы жасауды ескертті. Мердігер қолдан келген жұмысты барынша ертерек аяқтауға тырысатындығын жеткізді. Ауыл ақсақалдары аудан әкіміне жасалынып жатқан жұмыстардың көңілден шығатынын жеткізіп, алғысын білдірді.

Көксу ауылдық округінде аудан әкімі «Шанс», «Галина», «Макс» шаруа қожалықтарын және «Жабяк В.И. и К» ЖШС мен «Астра – Агро LTD» ЖШС картоп, көкніс және дәнді – дақылдарды жинаумен танысып, егіс алқаптарын аралады.

Кездесу барысында Игорь Жабяк күзгі науқанға дайындық шараларын көрсетті. Жалпы бұл шаруашылықта жалпы жер аумағы – 21 017 га құрайды, оның ішінде егістік алқабы – 12 445 га; шабындық – 656 га; жайылым – 6 203 га, суармалы – 397 га. Биылғы жылы 1114 га картоп өнімі егіліп, жинап алу науқаны жүріп жатыр. «GRIMME» Varitron 470 маркалы комбайнның көмегімен жиналған картоптарды аудан басшысына көрсетті. Бұнда техникалар сақадай сай өз жұмыстарын жасап жатқандығы байқалды. Биылғы жылы өнім жақсы шыққан, жинау науқаны да өз ретімен келеді. Аудан әкімі сату мәселесіне қатысты сұрастырды. Игорь Васильевич сату шаралары бойынша түйткілді мәселелердің бар екендігін, арзан бағаға сұрайтынын жеткізді. Былтырғы жылға қарағанды сұраныс әлі де болса аз екен.  Бұдан кейін егістік алқаптарын аралатты. Көпжылдық өнімді – 1200 га, біржылдық өнімдер – 930,5 га егілген жерлерді көрсетті. Қожалық басшысы аудан әкіміне дәнді – дақылдырдағы жылтыр өнімділіктің пайызы жоғары екендігін айтты. Мұндай ірі шаруа қожалығында жұмыстыңда қызып жатқандығын көруге болады. Қазіргі таңда 15 мың га жуық өсімдік өнімі теріліп алынатын болады. Егіс далаларындағы егіннің шығымы көз қуантады. Аудан басшысы жүріп жатқан науқанның жаман емес екендігін, бітік шыққан егінді уақытылы жинап алу алда тұрған мақсат екендігін айтты.

Одан кейін Серік Жаманқұлұлы «Астра – Агро LTD» ЖШС – нің және «Богара» ф/ш танысты. Жалпы жер аумағы – 26 052 га оның ішінде егістік алқабы – 3084 га; шабындық – 315 га; жайылым – 22 258 га, суармалы – 737 га құрайды. Қожалықтың басшысы Амангелді Мұқашевтің айтуынша, орамжапырақ, қызылша, сәбіз өнімдері жақсы жемісін беріп жатқандығын жеткізді. Қызылша – 10 га жерге, сәбіз бен орамжапырақ – 6 га жерге егілген. Картоп өнімі 540 га жерге, көп жылдық шөптер – 308,8 га жерге егіліп, жинап алып, өндеу жұмыстарының жүріп жатқандығын жеткізді. Қазіргі таңда бұл қожалықта жанар – жағармайдың аздығын тілге тиек етті. Аудан басшысы өз кезегінде бұл мәселеге қатысты жақын арада шешімін табатындығын тілге тиек етті. «Астра – Агро LTD» ЖШС – де 4000 тонна дейін 5 картоп сақтайтын орын, 16 000 тоннаға дейін 2 астық сақтайтын орын бар. Қожалық басшысы дәнді – дақылдардың  ерекше түрлерімен таныстырды.

Мал шаруашылығы бойынша қазіргі таңда ірі қара мал саны – 496 бас, оның ішінде сиыр – 180 бас,  жылқы – 107 бас. Аудан басшысы ірі қара мал ұстайтын жерге барып, мән –жайымен танысты. Мұнда бір сиыр малынан 16 литр сүт алуға болады екен. Аудан басшысы сиыр малының  жақсы сүт өнімін беру үшін қандай шөптермен қоректену керек сұрастырды.

Көксу ауылдық округінде егіс алқаптарын аралап, егін шығымын, орақ алдындағы дайындықты өз көзімен көріп қайтқан аудан әкімі қос аймақтың егін шығымына көз тоятындығын жеткізді. Әрі шаруашылық басшыларына және аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысы А.Санаубаровқа егін орағын тиісті мерзімінен кешіктірмей тапсыруын шегелеп айтты. Сол сияқты қамбаға жақсы өнімнің түсетініне үлкен үміт артты.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *