Көкейкесті мәселелер

Осы аптада аудандық әкімдікте Абай ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мағзин аудан азаматтарының жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен өткен жеке қабылдауға 15 азамат қатысып, жер телімін заңдастыру мәселесі, тұрғын – үй алу мәселесін, жолдардағы белгілерді орналастыру мәселесін, сауда – саттық жасау мәселесін, аулаларды абаттандыру мәселесі жөнінде көптеген көкейкесті сұрақтары қойылды.

Аудан әкімінің орынбасары келіп түскен сұрақтардың барлығына нақты да толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша әкім аппаратының тиісті бөлім қызметкерлері мен аудандық қызмет басшыларына жақын арада аталған мәселелерді шешу үшін жауапкершілік жүктей отырып, тапсырма берді. Қабылдауға келген басым көпшілік тұрғын үй мәселесі аясында сұрақтар қойды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *