«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

 

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күні Ақбастау ауылында да атап өтілді. Ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты салтанатты концерт қойылды. Сонымен қатар ауылдың жеке кәсіпкерлерінің демушілік көмегімен 50 адамға  мерекелік дастархан жайылды.

С. Жакаева

«Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппраты» ММ-нің бас маманы

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *