СПОРТ-БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ!

2017 жылдың 19 қаңтарында Қарабас кенті Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/18 мекемесінде Абай қаласының хоккей тобы және мекеменің арнайы контингенті арасында шайбалы хоккей бойынша жолдастық ойыны өткізілді. Аталған спорттық іс-шара Алматы қаласындағы 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ашылуына орай ұйымдастырылды. Сотталғандардың еңбегімен жасалған хоккей мұз алаңында өткізілген ойын жолдастық қатынасқа бағытталғанына қарамастан, командалар бір-біріне жол берместен, қызу ойын көрсете білді. Мекеме басшылығы Абай қаласының хоккейшілеріне сыйлық ретінде майдагерлік өндіріс бұйымдарын тарту етті. Абай қаласының хоккей тобының жаттықтырушысы Е.Яковенко  —  мекеменің хоккей командасымен қайта кездесіп, екі команда сапалы ойын көрсететініне сенімді екенін және алдағы уақытта шайбалы хоккей жарыстары ұдайы өткізіліп тұратынын айтып, өз пікірімен бөлісті. Мекемеде жазасын өтеп отырған сотталғандардың арасынан іріктеліп құрылған хоккей командасы ойын барысында спорттық шеберліктерін танытты. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға талпынушылықтары байқалды. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, бос уақыттарын спортқа арнаған жазасын өтеушілер босатылып шыққаннан кейін де осындай қалыпта спорттық өмір жолын ұстанатынына сенімдіміз!

М. Дауырханова,

мемлекеттік тілді дамыту инспекторы, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/18 мекемесі

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *