ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАҒЫТ — БАҒДАРЫ

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ғазиз Абыкенұлы Такешевтың қатысуымен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінің жеке құрамына Елбасы Н.Назарбаевтың быйылғы 31.01.2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының манызды бес ережелері талқыланды Қаржы секторын тұрақтандыру, Бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жана инвестициялық, саясаттың негіздері жана әлеуметтік саясат жайлы түсіндіріп өтті. Кездесу мақсаты – жеке құрамға Елбасының халыққа жаңа Жолдауын түсіндіру болып табылады. Манызды құжаттың басты басымдылықтарына  тоқтала келіп, еліміздің халықаралық аренада дамыудың 25 жылдық межесінен өтіп, өзінің беделін қалыптастырып, орната білгенін атап өтті. Елбасы үшінші жанғыруды 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу деп көрсетті. Жолдауда ерекше атап көрсетілген басымдылық экономиканың жеделдетілген технологиялық жанғыртылуы.Мекеменің жеке құрамы Елбасымыздың халқына  Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуына бір кісідей атсалысатын болды.

Н.Төлеуов

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5  мекемесі КЖТ КПД

аға инспекторы  әділет лейтенанты

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *