ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Осы аптада аудан әкімі Серік Шайдаровтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісінде ауданының елді мекендерін көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру екіайлығы аясында атқарылуы тиісті іс – шаралар тізбегі нақтыланып, мекеме-кәсіпорындар мен салаға жауапты құрылымдардың алдындағы міндеттер айқындалды. Сол арқылы аудан аумағында екпінді еңбектің екіайлығы басталды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары  қатысты. Қала, кент және ауыл әкімдерінің атқарылатын жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды.

Қала әкімі Е.Қысраунов Қоғамдық маңызы зор іс – шараны ұтымды ұйымдастыруға орай, өздерінің жоспарлы әрекеттерінің тізбесін әзірлеп, тиісінше, аудандық көлемдегі іс – шаралар жоспарын бекіткен. Санитарлық тазалық екіайлығы 10 сәуірден 9 маусым аралығында өтеді. 22 сәуір, 20 мамыр – облыстық сенбілік, 29 сәуір, 6, 27 мамыр – аудандық сенбілік және таза бейсенбіліктер болады. Сонымен қатар, жұмыстың жүйелі әрі сапалы жүргізілуі мақсатында мемлекеттік мекемелер басшыларының әр елді мекенге жауаптылығы белгіленген. Тәртіп пен реттілікті мүдде тұтқан іс – шараға мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері ғана емес, жалпы аудан тұрғындарының қатысуы – басты шарттың бірі. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін арнайы үнпарақтардың таратылып, халықтың өзге де ақпараттандыру тетіктері арқылы құлақтандырылуы ескерілген.  Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша соммасы 6 млн. 850 мың теңгеге саны 23230 дана гүл отырғызылатын болады. Аудандық бюджет есебінен Вольный, Қызыл, Қараған ауылдарында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын мамыр – маусым айларында шығару жоспарлануда. Қаладағы су бұрқақтары 1 мамыр күні іске қосылады. Жүргізілген тазалық жұмыстарынан кейін жауапты мекемелер өздерінің жасаған жұмыстары бойынша есебі мен суретін тапсыру керектігі айтылды.

Бұдан кейін Топар кентінің әкімі Қ.Мүсілімова көктемгі санитарлық тазалық екіайлығын ұйымдастыру бойынша штаб құрылған. Оры ретте, кәсіпкерлер мен көпқабатты үйлердің жауапты адамдарымен тазалық жөнінде сәуір айының басынан бастап кездесулер өткізілуде. Санитарлық тазалық аясында іс – шараға 1000 астамқызметкерлер қатысу жоспарлануда. Алаңның 1500 га аумағын тазалау, 1500 куб.м. қатты қоқыс, 5 рұқсат етілмеген қоқыс орындарын шығару, 2740 метр бордюр тастары мен 2242 тал әктелу жұмыстары жүргізілмек.  Мичурин атындағы саябаққа соммасы 1 млн. теңгеге су бұрқағын жөндеу, алаңқайды қайта құру, гүл егу жоспарлануда. Сол сияқты осы жылы соммасы 3 млн. 823 мың теңгеге 1,2,3 ауылдардағы көшелер жарықтандырылатын болады. Ең үздік аула, кіреберіс, көше атауларына байқау жарияланатын болады.

Сол сияқты Южный кентінің әкімі Б.Икишева биыл кент үшін ерекше жыл екендігін атап өтті. Ол кенттің 60 – жылдығы. Осыған орай бірқатар жұмыстар атқарылмақшы. Кентті көркейту мақсатында көшені жарықтандыру, жолдарды жөнду бойынша жұмыстар жасалынатын болады.

Аудан басшысы қала мен кент әкімдерінің есептерін тыңдағаннан кейін тазалық екіайлығын барынша ыждаһатты өткізу қажеттігін ескертті:

— Санитарлық тазалық шарасы жыл бойы үздіксіз жүруі тиіс. Ал алдағы белгіленген тазалық екіайлығына біз ерекше екпін түсіріп отырмыз. Штаб мүшелері аса белсенді жұмыс істеуі тиіс. Жергілікті полиция қызметі, атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, аудан тұрғындары, ПИК иелері – барлығы да шарадан тыс қалмай, атсалысуы керек. Тазалық – әркімнің өз ауласынан, табалдырығынан басталады. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауылын таза ұстауға, көркейтуге үлес қосуы керек. Әрбір сенбіліктеріңнің бір ерекшелігі болу керек. Осы істі ұйымдастыру, жүйелі жұмыс істеу – сіздердің міндеттеріңіз, — деп атап өтті.

Биылғы жылы қала бойынша гүлдендіру жұмыстарын жасап, мекемелердің алдын гүлмен безендіру қолға алынбақшы.

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Р.Сатыбаева қала және ауылдық елді мекендердің аумақтарында орналасқан сәулет-мүсіндік құрылымдардың күйі жөнінде ақпарат берді. Басқа қалалармен салыстыра отырып, сырт келбетінің келісті жағдайда болуына айрықша назар аудару керектігін жеткізді.

Туған жерге, туған елге деген махаббат әрбір адамның бойында болу керек. Ең бастысы, қалың қауымның ортақ мүдделі іске – жанашыр көзқарасы. Бұл ретте, аудан басшысы Елбасының бағдарламалық мақаласын мысалға алды. Аудан әкімдігінің, атқарушы органның салалық құрылымдары мен бұқара қауымның тілек – мүддесі бір арнада тоғысса, атқарылған істің нәтижелі болары анық. Аппарат кеңесінде талқыға түскен мәселені қорытындылау түйінінде Серік Жаманқұлұлы, осы жайтты ерекше атап өтті. Сонымен қатар, атқарылуы алдын ала жоспарланған іс-шаралардың талапқа сай орындалуы әркімнің азаматтық ұстанымының айғағы боларына назар аударды және жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Іс-шаралардың ілгері басуы немесе ретсіздіктің орын алуы тұрақты түрде бақылауда болып, оларға қатысты шешімдер дер кезінде қабылданатыны да қатаң ескертілді.

Штаб мүшелерінің қатысуымен  алдағы уақытта осындай селекторлық кеңестер тұрақты өтіп, тазалық шаралары туралы ақпарат жиі талқыланып тұратын болады.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *