Қаламыздың сәулеттік келбеті

21 сәуір күні аудан әкімі Серік Шайдаров Абай қаласындағы бірқатар жасалынып жатқан жөндеу жұмыстарын аралап, олардың жай – күйімен танысты.

Ең алдымен Жеңіс даңғылындағы жаңа бордюрлердің салынуын қарады. Мұндағы жұмыстар мамыр – маусым айларында аяқталады екен. Оған аудандық бюджеттен 11 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар биылғы жылы қойылған бордюрлардың салынуына көңілі толмайтындығын жеткізді. Бірқатарда, түзу салынуына баса назар аудару керектігін жеткізді.

Бұдан кейін қалалық саябақтың қайта жөнделуі бойынша жасалынып жатқан жұмыстармен танысты.  Қайта жөндеудің сметалық құны 325 млн.теңгені құрады. Жобада саябақ аумағын абаттандыру, оның ішінде биіктігі 16 м «ҰОС Жауынгер қатысушыларына» монумент орнату қарастырылған. Стеланың жоғарғы жағында ауданымыздағы қала құрушылар кеңесінің келісімімен, қолмен дайындалған «ҰОС ордені» сәндік композициясы орнатылады. Тағыда басқа жұмыстар жасалынады. Бұл қаламыздың сыртқы келбетін жақсартуға өз септігін тигізеді және мерекелік шараларды өткізуге қолайлы болмақ. Жөндеу жұмыстарын «Асар KZ» ЖШС жасап жатыр. Осыған орай аудан әкімі парктің ішін аралап, алдағы жасалынатын жұмыстың барысымен танысты. Қатаң түрде тапсырмалар беріліп, халықтың көңілінен шығатындай болуды тапсырды. Кейбір істелініп жатқан жұмыстарға сын айтып, ең бастысы, жұмысты сапалы жасауды тапсырды. Әсіресе жасыл желектердің отырығызылуына, көгалдандыруға баса назар аудару керектігін ескертті.

Саябақтан кейін аудан басшысы салынып жатқан бассейіннің құрылысымен танысты. Аудан ақсақалдарының Президентке жазған хатына байланысты Елбасының тапсырмасымен жабық бассейін салынбақшы. Мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, биылғы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Аудан әкімі құрылыс заттарының сапалығы баса назар аудару керектігін қадап айтты.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *