ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Аудан әкімі Серік Шайдаров осы аптада «Жігер» стадионында жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Бүгінде «Жігер» стадионының әбден тозығы жеткен. Жасанды шөп төсенішінің астындағы топырақ, тура мағынасында айтқанда, былқылдап жатыр. Ал газон шеттерін бекіткіштері де тозып біткен. Аудан әкімі Серік Шайдаров мердігер компанияның жетекшімен кездесу барысында осы мәселені жан – жақты талдап, қажетті нұсқаулар берді.

Мұндағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыдан  жалпы соммасы келісім бойынша  34 млн. 707 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Райс KZ» ЖШС – і жүргізетін болды. Жөндеу жұмыстары мамыр – тамыз айларында жасалынады. Бұл жерде алаң астына құм төселініп, жасанды шөп төсенішін және жүгіру жолын жаңартады. «Бөлінген қаржы жөндеу жұмыстарына кететін материалдық шығындарды жабуға толығымен жетеді» дейді мердігерлер.

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *