ЭКСПО – елдің ерен жеңісі

Қазақ тарихында болмаған тамаша бір көрменің ұйытқысына куә болмақшы ойымыз бар. Елорда төрінде өтетін «Болашақтың энергиясы» атты халықаралық көрмеден үлкен үміт күтеміз,  әрі экономикамыз алға жылжитына сенеміз. 115 мемлекет қатысатын ЭКСПО көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді. ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді.

Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны белгілі. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді. Оның Еуразия өңірінде де даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектеседі. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеу, күн, желден баламалы энергияны көздерін алуға көше бастады.

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырып, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.

№1 ҚББМО ұжымы

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *