Жас кәсіпкерлерге сертификаттар табысталды

Екі күнге созылған оқу барысында жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары бизнес жүргізудің заңдық, эономикалық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ маркетинг пен менеджментті оқып, бизнес-жоспар құруды үйренді Кәсіпкерлер палатасының оқытушы бизнес тренерлерінің пікірінше, аталған курс кәсіпкерлік негіздерін танып, түсінуге көмектескен.

— Қатысушылардың ең басты артықшылықтары – олар әлі жас, күші көп жасампаз жандар. Олар білуге құмар және ізденімпаз. Өздерін-өздері жетілдіруге дайын. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануды жөн санайды, — дейді кеңесші мамандар.

Семинардағы басты назар жиі кездесетін қателіктер және оларды әлемдік тәжірибе негізінде қалай болдырмау керектігіне, кеңес берудің тәжірибесі мен өтінім қарауға аударылды. Тыңдаушылар әзірлеген болашақ жоспарларын таныстырып, болашақ жобаларын қорғады. Бір айта кетерлігі, жобалар ауылшаруашылығы салаларын, әсіресе мал шаруашылығы саласын кеңінен қамтыған.Жобаларды қорғап болған соң барлық қатысушыларға жас кәсіпкерлер мектебін табысты бітіргендіктері туралы сертификат тапсырылды.

М.Балкеева

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *