Назарда – жылу мен жол құрылысы

Аудан әкімі міндетін атқарушы Мұрат Мағзин қала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тексеру жасады. Жұмыс сапары барысында басшылық  өкілдері тексерістің әлқиссасын қала ішілік жаңартылып жатқан жылу құбырларынан бастады. Ұзындығы 2078 метрді құрайтын магистральды жылу желілерін қайта қалпына келтіру, жаңарту іс—шаралары бірнеше кезеңді қамтуда. Бұл жоспарға жылу құбырларынан бөлек, аумағы 34,2 шаршы метр болатын жылу камерасының құрылысы да кіреді. Мердігер компания өкілдері жылу маусымына дейін барлық шаруаны толықтай аяқтаймыз деп отыр. Бұл жерде жаңадан төселініп жатқан жер асты және жер үсті жылу құбырлары көршілес ресей елінің өнімі. Бүгінге дейін аталған жұмыстардың біршама пайызы аяқталған. Басшылық өкілдері мердігер компания басшылығы мен қызметкерлері аталмыш жұмыстарды қыркүйек айының 10-ына дейін толықтай аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Мұрат Мағзин қала көшелеріндегі салынып жатқан жолдарды да және жекеменшік жер үйлердің көше жолдарын да назардан тыс қалдырмады. Барлық атқарылып жатқан жұмыстарға жауапты мамандар жоспарға  сай  аяқтаймыз деп уәде берді.

 

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *