НАЗАРДА СПОРТ НЫСАНДАРЫ

Аудан әкімі Бауыржан Асанов қаладағы спорт нысандарын аралап шықты. Алдымен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрған басшы нысанның бүгінгі тыныс тіршілігімен танысып шығып,  жаттығу залдарын аралап көрді. Талай спортшылар түлеп ұшқан бұл мектепте бүгінгі таңда 16 жаттықтырушы 737 жасөспірімді спорттың 6 түрінен баулуда.

Келесі кезекте Бауыржан Қоңырбайұлы дене-шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатқан құрылыс алаңына ат басын бұрды. 320 орынға арналып салынып жатқан бұл нысанның жобасында түрлі жаттығу залдарымен бірнеше қосымша элементтер қарастырылған. Болашақта спорт үйірмелерінің жаңа жабдықтары орнатылады. Жұмыс әзірге жоспарға сай жүргізілуде. Дегенмен, шешілуі тиіс мәселелер жетерлік. Басшылықтың айтуынша, болашақта түрлі іс-шаралардың басым бөлігі осында өткізілмек. Құрылыс алаңын аралап көрген аудан әкімі жауапты сала мамандарына жұмыстың сапалы әрі жобаға сай орындалуына көңіл бөлуді тапсырды.

Өңір басшысының жұмыс сапары түстен кейін жаңадан бой көтерген жүзу бассейнінде жалғасты. Онда нысанның алдағы қысқа әзірлігін тексерді.

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *