Табыс пен тұрмыс сапасы сөзсіз артады

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі жолдауын арнаған болатын. елбасы өз жолдауында ел тұрғындарының өмір салты мен тұрмыс деңгейін жақсартуға басымдық берді. Сондай-ақ, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

Жақында аудандық мәдениет үйінде елбасының жолдауын түсіндіру және наисхаттау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі және мәдениет қызметкерлерінің кеңейтілген отырысы болды. Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Қадыр Әшкеев тізгінін ұстаған жиында жолдауда айтылған жаңалықтармен қоса,  әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатын, өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған бұл стратегиялық құжат – жаңа міндеттер, жаңа талаптар қойғаны жиынның өзегі болды.

Кеңейтілген отырыста сөз алған аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ольга Цой, «Парасат» ҚБ төрайымы Боташ Ноғаева, орталық кітапхана қызметкері С.Бакирова, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры міндетін атқарушы Д.Түсенов жолдаудың мән-маңызы мен ондағы артылған міндеттердің өзектілігіне кеңінен тоқталды.

— Еліміз үшін ең маңызды оқиғалар қатарынан орын алатын Елбасының дәстүрлі халыққа арнайтын биылғы жолдауы — әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға бағытталған, ерекше әлеуметтік құжат деп атауға болады. Мемлекет басшысы жолдауда атап айтқандай, «біздің мемлекеттің басты байлығы – адам және оның өмірі». Осы қағидаға сүйенген жолдауда қарапайым адамның өмірін жақсарту үшін қажетті дүниелердің барлығы көрініс тапқан. Мұны – бізге жүктеліп отырған, жаңашылдық көзқарасты талап ететін үлкен жауапкершілік деп түсінуіміз қажет, — деді баяндамашылар.

Жиынды басқарушы Қадыр Төлеуқадырұлы әрбір азаматтың мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан басталамаларға бей-жай қарамауға шақырды. Актив жиынында айтылған ұсыныстар ескеріліп, оң шешім табатынына сенім білдірілді.

 

Меруерт БАЛКЕЕВА

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *