Пікірлер

Егемен Қазақстан газетінде Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Бұл мақаланың өскелен ұрпақ үшін берері мол деп ойлаймыз. Елбасы әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып, отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетті. Осы аталған жеті қырымыз шын мәнінде қазіргі Қазақстан жерінде мекендеген біздің ата – бабабаларымыздың өткен тарихын меңзейді.

Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз.

Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті. Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті. Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде өзекті.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт – дәстүрі, әдет – ғұрыпы, өлең – жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр.

Бұл туынды арқылы төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және ұлттық рухта өскелең ұрпақ өсуі мүмкін. Ол үшін біз Елбасымыз айтқан басымдықтарды іске асыруға, білім беруде аянбай белсене атсалысуға міндеттіміз.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

 

Біз – сынаптай сырғыған уақытта, жаңалығы желмен жарысқан кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандану заманында иммунитеті мықты, тіні берік, мақсаты зор ұлт қана өзіндік болмыс-бітімін сақтайды. Мыңжылдықтар өтіп, қоғамдық құндылықтар мен қағидаттар алмасса да өзгермейтін, уақыт шеңберінен өлшенбейтін нәрсе бар. Ол – бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұра, тасқа басылған төл тарих. Өзіндік дара тарихын ұлықтау – түбегейлі жаңғыруға бет алған қоғам үшін үлкен маңызға ие. Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында келтірілген деректер мен дәйектер, құндылықтар мен мәдени мұралар ұлтымыздың әлем өркениетіндегі орнын айшықтауға бағытталған ауқымды қадам болды деп ойлаймын.

Тарихты тану – тағылымды іс. Тарихы тану – ұлттың рухын көтереді, мерейін тасытады. Ұлы даланың мақтан тұтарлық төл тарихы, мәдениеті мен өнегесі бар. Біздің халқымыздың тарихының тамыры тереңде жатқандығын және оған жете назар аудару керектігіне нақты тоқталып өткендіктен, бұл мақала – жас ұрпақты тәрбиелеуде, бағыт бағдар беруде маңызы зор деп білемін.

 

Меруерт Балкеева

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *