Кәсіпкерлердің бастамасын қолдады

 

Бейсенбі күні аудан әкімі Бауыржан Асанов бірқатар кәсіпорын мекемелерін аралады. Алдымен Абай қаласында биыл ашылатын демалыс – ойынсауық орнына барды. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, қазіргі таңда кейбір мәселелер бойынша мердігер компаниямен арадағы келіспеушілікке байланысты жөндеу жұмыстары уақытша тоқтап тұр екен. Дегенмен, екі – үш айдың ішінде барлық жөндеу жұмыстарын жасап, халықтың игілігіне берілетіндігін жеткізді. Қазіргі таңда бұл нысанға 25 млн. теңге көлемінде қаражат салынған. Үш қабатты бұл ғимаратта барлық жағдай жасалынатын болады. Төменгі қабатта балаларға арналған ойын залы, екінші қабатта үлкендер демалатын жер, үшінші қабатта кеш ұйымдастыру залы болады. Жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орны, бос уақыт өткізу орны болады.

Бұдан кейін «Стежок» тігін фабрикасына барды. Мұнда біраз жұмыстар жасалған. Ғимаратқа жылу беріліп, барлық керекті құралдармен қамтылған. Бүгінгі күнде 40 астам жұмыскер жұмыс жасап, берілген тапсырыстарды орындауда. Алдағы уақытта жұмыс орнын кеңейту көзделуде. Әзірге ғимаратқа толығымен жөндеу жұмыстары жасалуда. Аудан әкімі әр қарай жұмысты жандандыруды тапсырды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *