ЖАСТАР-ЕЛІМІЗДІҢ СЕНІМДІ КҮШ – ҚУАТЫ

Жаңа жыл әрбір жас қазақстандық үшін елеулі жыл болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл — ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. 21 ақпан күні Топар кентінің кітапханасында «Жастар-еліміздің сенімді күш — қуаты» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын, яғни Абай атындағы тірек мектебінің 9 «ә» сынып оқушылары «Құрдастар» жастар клубының мүшелері қатысты. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімін тамашалап, біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз-жастарымыз, қазіргі Қазақстанды өз ақыл — ойымен,қолымен және дарынымен өркендетіп отырған нақты тұлғалардың шынайы бет-бейнесін бейнероликтерден көрді.

Біздің жас ұрпақтарымыз, ұлттың алтын қорын құрайтындарды білуі қажет.

Жастардың назарына әлемді таңғалдыртқан, шетелде атағы шыққан жас қазақстандықтарды ұсынды. Кітапханада «Ел болашағы — Жастар» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің негізгі бөлімдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ақылы мен білімімен Отанымызға пайда әкелетін қазақстандық талантты жастарды қолдау көрсетуге бағытталған саясатын паш етті. Көркем безендірілген, 20 жуық басылым қойылған кітап көрмесі шараның барлық қонақтарының назарын аударды.

Іс-шаранын басты мақсаты — жастарға кеңінен жол ашатын маңызды бастамалармен таныстыру жүзеге асты. Жиналған жастар, «Құрдастар» жастар клубының мүшелері Елбасының биылғы жылды жастар жылы деп, әкелік, аталық қамқорлықпен, көңіл бөлуіне, үлкен ризашылық танытып, оқып, білім алып, жоғарғы технологияларды меңгеріп, көрсетілген сенімді ақтап, болашаққа мол мүмкіндіктерді пайдалана біліп, әр – уақытта ізденіс үстінде болу керек екенің анық сезінді. Шараға қатысушылар мен қонақтар, алған әсерлерімен бөлісіп, осындай бас қосулар жиі болып тұрғанын тілеп, қатты ризашылықтарын білдіріп, тарасты.

Абай атындағы тірек мектебі, Топар кенті

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *