МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

4 наурыз күні Абай ауданының әкімі Асанов Б.Қ. аудан тұрғындарын арналған жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысына Абай қаласы мен ауылдық округтерінің тұрғындары өз мәселелерімен және ұсыныстарымен жүгінді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Келушілер Дубовка ауылындағы көпқабатты үйлердің сумен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, пәтерге құжаттарды рәсімдеу, көп балалы отбасылардың балаларының балабақшаға орналасуы, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын естіді.

Әрбір өтінішті қарап, аудан әкімі өз қарамағындағы қызметкерлерге қажетті түсініктемелер мен нақты тапсырмалар беріп, түскен өтініштер мен сұрақтарды тез арада қарастырып, шешімін табуды ұсынды.

Өз тілшімізден

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *