ОқЫРМАНМЕН ЖҮЗДЕСУ

Газет – бұқаралық ақпараттық құралдың белсенді өкілі. Ойлы оқырмандардың арасында «Газет өмірі – мәңгілік» деген қанатты сөз бар. Биыл біздің ауданның төл газеті «Абай — Ақиқат» қоғамдық – саяси газетінің жарыққа шыққанына 45 жыл толып отыр. Бұл газет ұжымының мерейлі мерекесі ғана емес, оқырмандардың да қуанышы. «Абай – Ақиқат» – ауданның ақпараттық айнасы, елдің еңбек тынысының жаршысы ретінде адал еңбек атқарып келеді.

Осыған орай, халықтың көзі, құлағы, һәм тілі «Абай – Ақиқат» газетіне 45 жыл толуына орай аудандық балалар кітапханасында жас оқырмандармен кездесу өтті. Оны аудандық балалар кітапхана басшылары мен қызметкерлері ұйымдастырып, аудандық газеттің тарихы жайында жас ұрпаққа мағлұмат берді. Газеттің 1974 жылдың 2 ақпан айынан бастап шыға бастағаны, атауының бірнеше мәрте өзгергені туралы кеңінен айтылды. Алдымен «За коммунистический труд», «Народная трибуна», «Абайский вестник», кейінен «Абай – Ақиқат» газеті болып ауысып, қазіргі таңда да осы атаумен шығып келеді. Газеттің әрбір атауына тоқталып, сол жылдардағы орнын атап өтіп кетті. Қиын кездерде де жабылмай, айына бір реттен шыққан кездері де болған, бұдан баслымнның тұрғындар арасында өз орнын тапқандығын көруге болады. Кездесу соңында мектеп оқушылары сұрақтарын қойып, газет жайлы қызықты деректерді білді. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған, газеттің тарихы көрсетілген көрмені тамашалады.

«Абай — Ақиқат» газеті оқырман үдесінен шығу мақсатында күнделікті өмір тынысын дөп басып, аудан жаңалықтарын, әдеби-мәдени өмірін, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туралы ақпараттарды қалт жібермей назарда ұстап келеді.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *