ЖөНДЕУ ЖұМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Осы аптада аудан әкімі Бауыржан Асанов Абай қаласындағы жасалын жатқан кәріз құбырларының және жөнделетін жолдарды аралап шықты.

Аудан басшысы алдымен Тәуелсіздікке 10 жыл көшесіндегі жөнделіп жатқан кәріз желілерінің жұмысымен т анысты. Бұл жерде кәріз желілерін жөндегеннен кейін аталмыш көше толығымен асфальтталып, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Осы мәселе төңірегінде барлық жасалынатын жобалармен танысып, жол жиектерін абаттандыруды тапсырды.

Бұдан кейін аудан әкімі тұрғындардың түсірген шағымдарына байланысты  Карл Маркс көшесіндегі жөндеу жұмыстарында құдық қақпақтарының  дұрыс жабылмағандарын сынға алды.  Бұл жерде де жөндеу жұмыстарынан кейін барлық жасалған жерлерді тиянақты жасап кетуді тапсырды.  Сол сияқты Гагарин көшесіндегі жөндеу жұмыстарынан кейін жасыл желектердің қазылып тасталғандығына көңілі толмағандығын жеткізді. Қазір аудан бойынша үлкен жобаның қолға алынып, 80% ескірген кәріз құбырларын жаңарту жұмыстары қолға алынуда. Осыған орай Абай қаласы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.  Дегенмен, Бауыржан Қоңырбайұлы бұл үлкен жобаның басшысына жіне жауапты мекемелерге құррлыс жұмыстарының тұрғындарға жүріп – тұруына ешқандай кесірі тимейтіндей  тиянақты атқаруды тапсырды. Сол сияқты құрлыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қатаң ескертті. Биылғы жылы жасалынатын жолдарды да сапалы әрі, талапқа сай орындалуын айтты.

Сапар соңында биылғы жылы ашылу салтанаты өтетін дене шынықтыру — сауықтыру кешенінің құрылдысымен танысты. Кіреберіс жасалынатын жерлерін, аулаларының абаттандырылу жұмыстарын қарап шықты. Құрлыс жұмыстарының кейбір кемшәләктерін белгілі бір мерзімде жөндеп, қалпына келдіруді тапсырды. Бұдан соң кәріз тазалау станциясына барып, құрлысымен және жасалынып жатқан жұмыстарымен танысты.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *