ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Осы аптада Абай ауданының әкімі Б.Асанов пен аудан әкімінің бірінші орынбасары М.Мағзин Абай қаласының жылу жүйелерінің күзгі жылыту науқанына дайындық жұмыстарымен танысты. Биылғы дайындық кезеңіне жылу жүйесінің магистралінің тозығы жеткен кейбір бөліктерін алмастыру, жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Осы жұмыс жоспарымен «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС директоры Ж.Идрисов толықтай таныстырып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсетті. Тексеріс барысында негізгі назар жылу желілерінің магистраліне ауып, қала сыртындағы құбырлардың, павильондардың ашып-жабу құралдарын, сорғыларын, құбыр жалғағыштарын айырбастау жұмысы көрсетілді. Аудан әкімі төбесі қалыптан шыққан павильондардың төбесін жабу керектігін айтты. Келесі кезекте қала ішіндегі бірнеше құбырлардың ауыстыру жұмыстары көрсетілді. Атап айтсақ, Абай, Әуезов, Энгельс, Калинин көшелеріндегі құбырларды алмастыру жұмыстары таныстырылды. Аудан әкімі тексерістен кейін жалпы жұмыс науқаны көңілінен шыққандығын айтып, Абайлық жылу жүйелері» ЖШС директоры Ж.Идрисовке барлық жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *