ЕЛДІКТІҢ НЫШАНДАРЫ

Маусым айының 4-ші жұлдызы елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде жыл сайын атап өтіледі. Себебі, 2007 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік рәміздер күні деп бекітілген болатын. Бұл біздің еліміздің саяси тұрғыда тәуелсіз екендігінің әрі егемендігінің нышаны. Біз мемлекеттік рәміздер ретінде Ту, Елтаңба, Гимнді санаймыз. Осы рәміздер мерекесіне орай аудандық Мәдениет үйінің алаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Алғашқы кезекте орталық алаңға аспан түстес Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылып, жиылған жұртшылық жүрек тұстарына қолдарын қойып, мемлекеттік гимнді шырқады.  Құттықтау сөзі Абай қаласының әкімі М.Ахметовке беріліп, қала әкімі жиылған халықты осынау атаулы шарамен құттықтады. Бұл мерекенің біздің елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің нақты символы екендігі жайлы айтып өтіп, осы тәуелсіздігімізді сақтап қалу жолында мемлекеттік рәміздерімізге асқан құрметпен қарау нағыз патриоттықтың белгісі екендігіне тоқталды. Және де осы отанына деген сүйіспеншілікті келер ұрпақтың бойында қалыптастырудың зор мәнге ие екені жайында, осы шараға біршама жас жеткіншектердің қатысуы көңіл қуантарлық жайт екендігі жайлы сөз етті. Шара барысында жүргізушілер мемлекеттік рәміздердің біздің отанымыз үшін үлкен рөлге ие екендігіне бірнеше рет тоқталып өтіп, оны құрметтеу, мақтан тұту керек екендігі жайлы сөз етті. Сондай-ақ жиылған жұртшылықтың назарына рәміздер турасында біршама маңызды, пайдалы ақпарат айтылып, патриоттық бағыттағы ән шырқалды.

 

А.Қанатұлы

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *