АЗАМАТТЫқ АЛУДЫң ЖОЛДАРЫ

Осы аптада Топар кентінің әкімдігі ғимаратында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өзге елден оралған азаматтарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға облыстық көші-қон полициясының маманы Р.Мансұрқызы, жұмыспен қамту басқармасының маманы А.Төкенқызы және жергілікті жердің жұмыспен қамту бөлімінің, көші-қон полициясының мамандары қатысып, ауданның түрлі елдімекендерінен келушілерге пайдалы ақыл-кеңестер берді. Өз мәселелері бойынша сұрақтар қойып келушілердің арасында ең көп көтерілген сұрақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу бойынша және осы жолдағы құжаттар рәсімдеу турасында болды. Келушілердің әрқайсысы өз мәселесі бойынша пайдалы ақыл-кеңес алып, мамандар осы үдеріс жөнінде толыққанды ақпарат берді. Және де мамандар келушілермен телефон нөмірлерімен алмасып, барлық жұмыс барысында көмек беріп отыратындығын, кез-келген сұрақ бойынша хабарласа беруге болатынын айтты.

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *