Мәжіліс депутатының жұмыс сапары

2019 жылдың 16-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты – Н.В.Жұмаділдаева Абай ауданының әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ауқатын білу мақсатында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен танысып, ауданымыздағы бірнеше нысанды аралап, олардың жұмысымен танысты. Түрлі кәсіпорындармен таныстыру барысына аудан әкімі Б.Асанов, аудандық кәсіпкерлік пен өнеркісіп бөлімінің басшысы Б.Омарханов және Қарағанды қаласы «Қоғамдық келісім»  Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Ж.Сапарғалиқызы қатынасты. Осындай нысандардың алғашқысы «Восточная» орталық өңдеу зауыты болып, жұмыс сапары осы нысаннан басталды. Бұл зауыт – Республикамыздағы көмірді өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Бұл орталық филиалдың негізгі мақсаты – Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында өндірілген көмірдің жоғары күлді, өте жақсы деңгейге жеткізіп өңдеу. Компания Қазақстандағы металлургиялық зауыттар үшін көмір концентратын шығарады. Зауыт қарамағында 520 адам жұмыс жасайды, онда шикі мұнайды жобалық өңдеу қуаты жылына 6 млн-ды құрайды екен. Мәжіліс депутаты Наталья Васильевнаның ат басын тіреген келесі өнеркәсіп нысаны Топар кентінде орналасқан «Қазақмыс Энерджи» ЖШС ГРЭС кәсіпорны болды. Осы кәсіпорынның директоры В.Черепанов келген қонақтарға турбиналық цехтың,  станция басқармасының бас қалқанын, жұмысты басқару тетіктерін көрсетіп, кәсіпорынның жөндеу жұмыстары мен жаңғырту процесіне тоқталып өтті. Бұл кәсіпорынның қызметі электр қуатын, газ және су өндіру және тарату саласы бойынша маңызды болып табылады. Топар кентіндегі «Топар жылыжайлары» ЖШС кәсіпорны да мәжіліс депутатының назарынан қалыс қалмады. Бұл жерде кәсіпорынның басшылары тарапынан 20 гектарлық алқаптың 11-іне қияр, 8-іне қызанақ және 1 га жерге лимон және басқа да көкөністер отырғызылатындығы таныстырылды. Егістік науқаны жылына 3 рет жүргізіледі екен. Жылыжайдың сапалы өнімі еліміздің түкпір-түкпіріне және көршілес шет елдерге жөнелтіледі. Жылыжайдың көкөністі сақтайтын арнайы техникамен жабдықталған қоймасы болғанымен, бұл қойма ешқашан дерлік толмай, жиналған өнім бірден жүк көліктеріне тиеліп, түрлі өңірлерге жіберіледі екен. Бұл кәсіпорын бірнеше жергілікті халыққа жұмыс беріп, өңірдің кәсіпкерлігі мен шаруашылығының алды болып отырған жайы бар. Н.В.Жұмаділдаева жылыжайдың жұмысына жақсы баға беріп, осындағы қиярлар тіпті өзінің бала кезіндегі бау-бақшада жүрген кезін есіне салғандығын атап өтті.

Осынау жұмыс сапары Абай қаласында өз жалғасын тауып, бірінші кезекте спорт нысандары назарға алынды. Осыдан бір ай бұрын ғана ашылу салтанаты өткен Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін таныстыру барысында оның 320 адамға арналған көрермендер залы, көпфункционалды ойын алаңы, жаттығу залы, күрес залы көрсетіліп таныстырылды. Спорт нысандарының ішіндегі келесі ат басын тіреген орын Абай қаласының жабық жүзу бассейні болды. Мәжіліс депутатына бассейннің жүзу залы және осы ғимаратта орналасқан үстел теннисінің алаңдары, дойбы-шахмат ойындарына арналған кабинет және дәріс залы көрсетілді. Наталья Васильевнаның аудандағы спорт нысандарының техникалық тұрғыдан қазіргі заманға сай жабдықталғанына көңілі толып, Абай ауданынан С.Сәпиев секілді үздік спортшылар көптеп шығуға тиіс деген тұжырым жасады. Келесі кезекте аудандық мәдениет үйінде этно-мәдени бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдар мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға қатысушылар өздерін мазалап жүрген көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, халық қалаулысының шешімін таппай келе жатқан кейбір мәселелердің дұрыс жолын табуына септік жасасуына өтініш білдірді. Өз кезегінде Н.В.Жұмаділдаева барлық мәселелерді тыңдап шығып, сұрақтарға өз жауабын берді және де көтерілген мәселелердің кейбірін мәжілісте көтеретіндігін атап өтті. Жоспарланған жұмыс сапарының түстен кейінгі бөлігінде мәжіліс депутатына Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы және мүгедектермен жұмыс жасау бөлімінің жұмыстары таныстырылды. Және де жоспар бойынша соңғы кезекте ат басын тіреген орын «Волынка» ЖШС болды. Кәсіпорынның басшысы Д.Сакенов жұмыс барысымен бастан-аяқ таныстырып, алдағы уақытқа жоспарланған жоспарларына тоқталып, біршама жұмыстардың жүргізілетіндігін айтып өтті. Осы кәсіпорынның жұмысшыларымен кездесу ұйымдастырылып, жұмысшылар да, мәжіліс депутаты да бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

А.Қанатұлы

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *