Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын…

Қарағанды облысы   білім басқармасы  2019 жылы 23 шілдеде, жылдар бойы жалғасын тауып келген дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ашық деп жариялады.

Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

Абай ауданының білім бөлімдері өз кезегінде акцияны қолдап, жалғастырып алып кетті. Мичурин негізгі орта мектебі бойынша мектебімізде аз қамтылған және көп балалары отбасына жалпыоқыту қорынан және демеушілердің есебінен көмек көрсетіліп отырады.  Биыл да акция басталысымен аталған отбасы балаларын мектепке жинауда қол үшін беремін деушілер табыла кетті. Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, демеушілеріміздің жомарттығын айта кетуді жөн көрдік. Бірінші болып қол үшін созған Агрогородок ауылының тұрғыны «Төлеген» ШҚ жетекшісі Икрамова Гулчахан Турсуновна апай. Гулчахан апай мектеп трапынан акция жарияланысымен бірінші болып, жомарттық танытып,  қол үшін созды. Отбасылық шаруашылық қожалығы атынан оқу-құрал жабдықтарымен жарақталған мектеп сөмкесін сыйға тартты. Жалпы Агрогородок селосына қарасты жеке кәсіпкер  Михальченко В.В. қожалық ететін «Қарлығаш» ШҚ, жеке кәсіпкер Кушнерев Г.Л. қожалық ететін «Барс» ШҚ,  мектеп өмірінен тыс қалмай, қол үшін созып отырады. Келесі акцияға қатысқан кәсіпкер  Вольный бөлімшесінің тұрғыны, жеке кәсіпкер,  «Перекресток» дүкенінің иесі  Перов Евгений Владимирович.  Евгений Владлимирович өз тарапынан аз қамтылған отбасы балаларына арнап, іші оқу құрлдарына толтырылған екі мектеп сөмкесін сыйға тартты. Аталған дүкен иелері үнемі өздерінің мәдениеттілігімен, сыпайылығымен тартады. Жүзі жылыдан түңілме дегендей жандары да жомарт болып шықты. Халқымыз қай кезде де, жомарттықты мақтап,  көмек қажет етушілерге қол үшін созып, сараң болмауға үндеген.  Осы сәтті пайдаланып қол үшін созған кәсіпкерлерге «Мектепке жол» акциясына белсене қатысқандары үшін ризашылығымызды білдіріп, істері өрге жүрулерін тілейміз.

Мектеп басшысы Садыкова А.С. республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясының тамыз айының 30 дейін әлі де жалғасын табатынын еске сала отырып, жақсылық жасауға атсалысқан барлық демеушілерге, ұжым басшыларына шынайы алғысын білдерді.

Мичурин НОМ  ОЖ бойынша орынбасары

Куйкентаева Ж.Н.

 

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *