Бірлігі бекем ел мықты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына орай сейсенбі күні аудандық әкімдікте актив жиналысы өткізіліп, жаңа қосымша міндеттер белгіленді.
Жиынды аудан әкімі Бауыржан Асанов ашып, жүргізіп отырды. Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға аудандық мәслихат хатшысы Б.Цай, аудандық Нұр Отан партиясы филиялының бірінші орынбасары Н.Адашев, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауыл әкімдері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібі таныстырылып, регламенті бекітілген соң, алғашқы болып сөз алған жиын төрағасы Бауыржан Қоңырбайұлы жаңа Жолдауда айқындалған бес бағыттың әрқайсысына жіті тоқталып, аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен сабақтастырып өтті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен барлығымыз толық таныс болдық. Президент өзінің Жолдауында жаңа формула ұсынды. Алда атқарылатын жұмыстарды осы принципке сүйене отырып жүргізсек, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді орындаймыз деп ойлаймын.
Жалпы, биылғы Жолдау халыққа қандай жаңа мүмкіндіктер береді? Оларды қалай жүзеге асырамыз? Міне, біз бүгін осы мәселелерді сіздермен бірге талқылау үшін жиналып отырмыз. Бұның барлығын біз халықтың ауызекі тілімен, әрбір тұрғынға түсінікті етіп жеткізуіміз керек. Алдағы жылдарға нақты бағдарламаларды анықтап Президент Үкіметке, Парламентке, жергілікті атқарушы мен өкілді билік органдары алдында нақты тапсырмалар қойды, -деп баяндауын бастаған ол, Жолдауды іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдармен жүргізілуі тиісті жұмыстарға жан – жақты тоқталды.
Халықпен тиімді кері байланыс орнатудағы басты басымдықтар қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң – мұқтажына жедел назар аудару екендігін жеткізді. Баяндамада азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды іс-шаралар мәселесі басты назарда болатыны айтылды.
Сол сияқты Жолдауда айқындалған бес бағыт бойынша туындайтын ауқымды міндеттерді жүйелей жеткізген Бауыржан Қоңырбайұлы өз баяндауында жемқорлықпен күрес мәселесі, орта және шағын бизнесті дамыту, инвистиция тарту, баға мен тарифтерді реттеу, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларын әлеуметтік қолдау, ауылшаруашылық, білім, денсаулық салаларын, өнеркәсіпті, туризмді дамыту, бұқаралық спортты өрістету,баспана, елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері бойынша атқарылатын істердің жай-жапсарын қамтып өтті.
Аудан басшысы өз сөзін қорытындылай келе, ел дамуының бағыт-бағдары айқындалған құнды құжаттағы келелі міндеттерді орындауға барлық мүмкіндіктің бар екенін алға тартып, аудан экономикасының қарқынды дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Осыдан кейін Жолдауды талқылау үшін мінберге көтерілген «Позитивное развитие» жекеменшік мекемесінің директоры Оксана Панасиди, жас ұстаз, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп – гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлшат Ағайдарова, «Юбилейное» шаруа қожалығынң басшысы, Максим Бакин, «Мәдениет саласының үздік ұйымдастырушысы» және «Мәдениет саласының үздік қызметкері» номинациялары бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлықтарының лауреаты, ақын, сазгер, әнші Боташ Ноғаеваға, «Молодежный Альянс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темирлан Какенов Жолдаудың мән-маңызын түсіндіріп, қолдау білдірді, өз ой – пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында Маңызды құжаттағы басым бағыттар аясында іске асатын жұмыстар нақтыланып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелінді.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *