жолдауда жүктелген міндеттер

Осы аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері Абай ауданының әкімі Б.Асанов жұмыс сапарымен ауданымыздағы бірнеше өндіріс нысандарында болып қайтты. Бұл іссапардың мақсаты өндіріс орындарында жұмыс жасайтын халықпен бетпе-бет кездесу, жұмыс ұжымында қандай мәселелердің бар екендігін сұрап білу, кәсіпорын жұмысшылары қандай жағдайда жұмыс істейтіндігін тексеру және осы жұмыс жағдайымен олардың қаншалықты қанағаттанатындықтарын анықтап білу болды. Екі күнге созылған осы іссапардың алғашқы күнін аудан әкімі «Восточная» орталық өңдеу фабрикасына арнады. Бұл фабрика – Республикамыздағы көмірді өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындардың бірегейі болып табылады. Бұндағы орталық филиалдың негізгі функциясы – Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында қазылып алынған көмірді жоғары күлді мөлшерге жеткізу, яғни өте жақсы деңгейге жеткізіп өңдеу болып табылады. Бұл компания бүгінгі таңда еліміздегі металлургиялық зауыттар үшін көмір концентратын шығарады. Зауыт қарамағында 520 адам жұмыс жасайды, ондағы шикі көмірді жобалық өңдеу қуаты жылына 6 млн-ды құрайды екен. Осы фабриканың басшысы Д.В.Боярский аудан әкімін қарсы алып, фабриканың барлық жұмысымен таныстырып шықты. Бірнеше сағатқа созылған экскурсия барысында аудан әкімі кен байыту фабрикасының жұмысшылары қандай жағдайда жұмыс жүргізетіндігін өз көзімен көріп қайтты. Өндіріс орнының басшысы, өз кезегінде барлық жұмысшылардың жұмыс құқығы қорғалатындығын, ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшылар да ҚР Еңбек кодексінде бекітілген заңдылықтарға сай жұмыс істейтіндігін, жұмысшылар өз жалақыларын уақытылы алып отыратындығын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, экскурсия барысында өндіріспен айналысатын жұмыстың негізгі бөлігі жүріп жатқан цехтар мен бөлімдердің жұмысымен таныстырды, және де жұмысшылардың моншасын, бірінші медициналық көмек көрсету пункті бөлімщесінің жұмысын, жұмысшылардың жеке заттары мен киім ілетін орындарының күй-жайын, осы киімдерді жуу, тазалау, кептіру бөлімдерін, асхананы көрсетіп, бұл жердегі жұмыс кестесінің ретін түсіндіріп өтті. Ал ауданымыздың әкімі Б.Асанов өз кезегінде осы айтылған орындардағы жұмыс бөлімшелерінің хал-ақуалына ғана назар аударып қоймай, жұмыс істеп жатқан қызметкерлермен тілдесіп, олардың осы жұмыста жасалған жағдаймен, жұмыс кестесімен қаншалықты қанағаттанатындығын сұрап білді.
Осы екі күнге созылған жұмыс сапарының екінші күні аудан әкімі Топар кентінде орналасқан өндіріс орындарында болып қайтты. Ең алғашқы ат басын тіреген өнеркәсіп нысаны «Қазақмыс Энерджи» ЖШС БТЭС кәсіпорны болды. Осы кәсіпорынның директоры В.Черепанов аудан әкіміне турбиналық цехтың, станция басқармасының бас қалқанын, жұмысты басқару тетіктерін көрсетіп, кәсіпорынның жөндеу жұмыстары мен жаңғырту процесі жайында ақпарат беріп өтті. Бұл кәсіпорынның қызметі электр қуатын, газ және су өндіру және тарату саласы бойынша маңызды болып табылады екен. Кәсіпорында өндірілетін электр қуаты облысымыздағы ең негізгі электр өндірушілердің бірі болып табылады, және оның электрын біршама халық тұтынып отыр екен. Бұл өндіріс орнында да жұмыс барысымен таныстыру барысында аудан әкімі жұмысшылармен тікелей тілдесім жасап, олардан жұмыс жағдайымен қаншалықты қанағаттанатындықтарын, жұмыс ұжымының ішінде шешімін таппай келе жатқан қандай мәселелер бар екендігін сұрап-білді. Және жұмысшылардың жұмыс барысы жайлы қандай да бір арыз-шағымдары болса жасқанбай айта берулерін, бұндай мәселелердің шешімін табуына атсалысатындығын да ескертіп өтті.
Топар кентіндегі «Топар жылыжайлары» ЖШС кәсіпорны да аудан әкімінің назарынан қалыс қалмады. Кәсіпорын жұмысшыларының хал-ахуалымен танысып, жұмысшылардың жұмыс жағдайына көңіл бөлінді. Бұл жылыжайдың басшылығы аудан әкіміне барлығы 20 гектарды құрайтын алқаптың 11-іне қияр, 8-іне қызанақ және бір гектар жерге лимон және басқа да көкөністер отырғызылатындығын айтып өтті. Егістік науқаны жылына 3 рет жүргізіледі екен. Жылыжайдың сапалы өнімі еліміздің түкпір-түкпіріне және көршілес шет елдерге жөнелтіледі. Жылыжайдың көкөністі сақтайтын арнайы техникамен жабдықталған қоймасы болғанымен, бұл қойма ешқашан дерлік толмай, жиналған өнім бірден жүк көліктеріне тиеліп, түрлі өңірлерге жіберіледі. Бұл кәсіпорын бірнеше жергілікті халыққа жұмыс беріп, өңірдің кәсіпкерлігі мен шаруашылығының алды болып отырған жайы бар. Осындағы жұмысшылар да аудан әкімінің назарынан тыс қалмады. Олардың жұмыстағы күй-жайына көңіл бөлініп, аудан әкімінің тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.
Жұмыс сапарының соңғы нүктесі Топар кентіндегі орталық аудандық аурухана болды. Бұл жерде аудан әкімі аурахана қызметкерлерімен және келушілермен сұқбаттасты.

А.Қанатұлы
Суретке түсірген:
А.Нұртөлеуова
Суретте: Абай ауданының әкімі Б.Асанов «Восточная» орталық өңдеу фабрикасында, Топар кентіндегі БТЭС, Топар жылыжай және орталық аудандық ауруханада

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *