КӘСІПТЕН НӘСІП ТАПҚАН ЖАН

Біздің ауданымызға белгілі азамат Д.М.Сәкенов өзінің еңбек жолында біраз белестерді бағындырып, жұмыс барысында көптеген қиыншылықтарды, кедергілерді артта тастады. Ол кісі әлі күнге орда бұзар отыздың ішінде ғана болғанымен, еңбекте, көшбасшылықта алдына жан салмай, бірсыпыра биік белестерді бағындырып үлгерген жан. Мәселен, біздің ауданымызда орналасқан «Волынка» ЖШС-нде басшылық етіп жүрген кезінде осы кәсіпорынның жұмысын алға қарай ілгерілетіп, жұмысқа жаңа толқын берді. Өзінің қол астындағылардың жұмысын керемет ұйымдастырып, олардан жұмыла жұмыс істейтін топқа айналдырды. Бұл жайында кәсіпорын басшылығы да, қарамағында қызмет еткен азаматтар да бірнеше рет атап өтіп, Данияр мырзаның шынымен де үлгілі көшбасшылық қасиеттерге ие екендігін жарыса айтуға бар. Кейіннен өзінің еңбектегі табандылығы мен қоғамдағы белсенділігінің арқасында Дәкең Абай ауданының кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып тағайындалды.

Айта кету керек, ірі кәсіпорынды басқара отырып, Данияр Мерғалиұлы ауданның және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуді де есінен шығарған емес.  Ол кісі Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қайырымдылық клубының мүшесі. Данияр Сәкенов өзінің өмірлік тәжірибесімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қандай болу керектігін көрсетеді. Кезінде «Волынка» ЖШС Бақылау кеңесінің бастамасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен көмекке мұқтаж адамдардың тізімін алып, Д. Сәкенов оларды азық-түлікпен жабдықтаумен де айналысып тұрған екен. Абайлық кәсіпкер «Жан жылуымен» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында көптеген игі істердің бастамашысы бола білді.

Өз тілшімізден

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *