ЧЕМПИОНМЕН кездесу

9 қазанда Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында Қазақстанның ІІ дүркін чемпионы (2016, 2018жж.),  Азия-2017 мен 2019 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері,  2019 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті кубогының чемпионы, мектебімізден түлеп ұшқан шәкіртіміз, әрі мақтанышымыз  Жүсіпов Абылайхан Қайратұлымен кездесу өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының платформасы арқылы балалардың «Мәңгілік Ел» құндылықтарын меңгерту мақсатында, мектеп-гимназиямыздан түлеп шыққан оқушыларымыз, спорт, өнер, түрлі салаларда елімізге елеулі үлесін қосып жүрген жастармен кездесу, сұхбаттасу, мектеп  мақтаныштарын дәріптеу дәстүрге айналған.

Кездесу барысында оқушылар мен мектеп ұжымы Жусупов Абылайханды осы жылдың қыркүйек айында Ресей мемлекетінің Екатеринбург қаласында  өткен әлем чемпионатында  жеңіп алған жүлделі орнымен марапаттап, өнерлі оқушыларымыз Қашаған Ерасыл және Саулехан Дильназ   «Спорт» әнін орындады.

Абылайханның бастауышта және жоғары сыныпта сынып жетекшілік еткен ұстаздары – Махмутова Лена Загитулаевна және Тилегенова Ардақ Еспеновна – мектептегі Абылайхан туралы естеліктерімен ой бөлісті.

Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты сұхбаттасу болғандықтан да оқушыларымыз өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салды.

Шығармашыл ұстаз Абдықалықов Құзайра дарынды шәкіртіне жыр арнауын оқып берді. Жалпы спорт — негізі білім алушыларды шапшаңдыққа, қырағылыққа, төзімділікке шыңдайтын ұлы жол. Кеш барысында мектебіміздің оқушысы, қазақша күрестен жүлделі орын иегері, өзін- өзі басқару ұйымының мүшесі Түлен Қадірбек пен қонағымыз Жусупов Абылайхан, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Жекебаев Марат және Жұман Қазыбек  «Кім жылдам?» ойынына қатысып, кешімізді қыздыра түсті.

Кеш соңында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рашид Нұрай «Тәуелсіз елім» әнін орындады.Бұл кездесудің білім алушыларымыз үшін тәрбиесі мен тағылымы, алар пайдасы мен үйренері мол болды деген сенімдеміз. Осы кездесуге үлкен үлесін қосқан мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі Қожахметова Сауле Имантаевнаға зор алғысымызды білдіреміз.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *