ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАғЫ АТқАРЫЛЄАН ЖұМЫСТАР

Жұма күні аудандық әкімдікте аудан әкімі Бауыржан Асановтың төрағалығымен жастар саясаты және азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі әкімдік жанындағы жастар саясаты кеңесінің ағымдағы жылғы соңғы отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, қала, кент және ауыл әкімдері, аудан жастары қатысты.

Жиында аудандық жастар орталығы ресурсы директорының міндетін атқарушы В.Керей баяндама жасады. Баяндамада биылғы жылғы атқарылған шаралар мен келесі жылы атқарылатын жоспарларымен бөлісті. Ағымдағы жылы біршама жұмыстар жасалған. Сол жұмыстардың бірсыпырасын арнайы дайындап келген бейнероликте көрсетілді.

Сол сияқты биылғы жылы аудан әкімінің жастар жылына арнайы тағайындаған аудан әкімінің грантын ұтып алған жастардың айналысып жатқан кәсіптерімен таныстырды.

Жиын соңында комиссия мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Аьап айтар болсақ, жас балаларға жұмыс істеуге мүмкіндік беру, өз – өзіне қол жұмсайтын, ата – анасын мүлдем тыңдамайтын жастармен жұмыс жасайтын жобалар болу керектігі талқыланды. Аудан басшысы өз кезегінде балаларға жұмыс беру жағын жауапты мемлекеттік мекемелерге тыңғылықты қарастыруды тапсырды. Қандай да бір жобаларға көмек, қаржылай көмек керек болса, міндетті түрде ол жағын қолдайтынын жеткізді.

Бізде ауданда жаман аурумен ауыратын жастардың саны азаймай тұр, сәбилердің өлімі, өз – өзіне қол жұмсау оқиғалары бар екендігі көңілді алаңдататындығын жеткізді. Бұл жөнінде жастар орталығы мемлекеттік емес ұйымдармен, ауыл әкімдерімен тығыз жұмыс жасау керектігін қадап айтты. Аудан жастарына шығармашылықпен айналысуға, әр түрлі бағытта жұмыс жасауға мүмкіндіктер беру керектігін жеткізді.

Аудан әкімі жиын соңында іс барысындағы кейбір кемшіліктер мен артықшылықтарға кеңінен тоқтала келе, ауыл әкімдеріне кемшіліктерді жойып, бірге жұмыс жасауға шақырды. Сол сияқты келесі жылға жасалынатын іс – жоспарды пысықтап, ұсыныстарын енгізіп, өткізуді тапсырды.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *