Үйде болыңыз!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мәлімлемесінде «Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз» деп барша қазақ елін сабырлыққа шақырды.  Адамзат ақыл-ойының, ХХІ ғасырдағы медицина ғылымының құдіреті қазірге мына сұм тəждітажал алдында шамалы екені сауыққан жандар жұбынан, ауру науқастар қатары сəттік мезгілде еселеп өсуінен де байқау қиын емес. Қазіргі бүкіл әлемдегі болып жатқан жағдай кімді болмасын алаңдатпай қоймайтыны сөзсіз. Алайда бұл қайырымды жандардың бойындағы өзгеге қамқорлық, жанашырлық көрсетуге деген құлшынысты жасытқан жоқ.

Әсіресе үндеу барысында: Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық» деп  ел үшін күн демей, түн демей, жанұясын Аллаға тапсырып, жан кешті болып жүрген азаматтарымыз бен ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсетті. Қазір даурығып дауласатын емес, дұрыс шешімдер қабылдап, нақты жұмыстар жасайтын кез.

 Раиса Каруно, ООА ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің басшысы

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *