Үндеу

Үстіміздегі жылдың 31-наурызы күні еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза мәлімдеме жасады.
Шынында, әлемді жайлаған бұл індет халықты әлсіретті. Экономиканың құлдырауына қатты әсерін тигізіп жатыр. Бірақ, соған қарамастан, дәл осы кезде мемлекеттің қолдауына ауадай мұқтаж болып отырған халыққа жасаған Қасым – Жомарт Кемелұлының бұл мәлімдемесі — қиын – қыстау кезде халықтың жағдайын, әрі мүддесін ойлап жасаған азаматтық, тұлғалық қадам!
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетін болды. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлініп, көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңгені бөлу тапсырылды.
Жанармайдың нарықтық бағасы он бес пайызға арзандатылып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болды.
Бүгінгі күні төтенше жағдайдың дер кезінде жариялануына байланысты бұл індеттің таралуы қатаң бақылауға алынды. Тек қана үлкен — Алматы мен Нұр – Сұлтан қалалары ғана емес — басқа аймақтарда жағдай қатаң тәртіпке алынды. Үкімет тарапынан қатаң бақылау жүргізу оңайға да тиіп жатқан жоқ. Соған қарамастан қаншама азаматтарымыз өз жауапты қызметтерін атқаруда. Президент барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін де алғысын айтты.
Құрметті халайық! Біз қашанда сабыр мен төзімі берік халықпыз! Қалған уақытта Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың осы мәлімдемесінде айтылған жағдайларды зерделеп қарап, өзімізге тиесілісін дұрыс жолмен іс жүзіне асыруға шақырамын. Бірлігі бекем халықтың, берекесі артады! Алла Тағала, сұм тажал індеттен аман құтқарып, бір – бірімізбен жайлауы жарасқан күнде жүздесуді нәсіп етсін!

 

Қарағанды облысы, Абай ауданы «Парасат» Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боташ Ноғаева

 

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *