Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерді орындауға сәйкес полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабында әкімшілік құқық бұзушылықтарды және ҚР ҚК-нің 304-бабында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қалалық басқармасының (СЭС) қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қозғалысының өкілдері құрамында мобильді топтар құрылды.
Осы топтармен карантиндік режимнің сақталуын тексеру бойынша аралау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 03 сәуіріне барлығы 274 ақпарат түсті, солардың ішінде 233 әкімшілік хаттама толтырылды, 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 66 қамауға алынды, 82 айыппұл және басқа да жазалау шаралары. 82 материал сотта қарауда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 2-нен 3-ші сәуіріне қараған түні Қарағанды қ.ІІБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ТЖ тәртібінің талаптарын сақтау бойынша түнгі алдын алу рейдін өткізді. Олар карантинді іс-шараларды және өзін-өзі оқшаулау режимін орындауға ерекше көңіл бөле отырып қала тұрғындарымен кездесіп, әңгімелесті. Полиция қызметкерлері тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, жұмысқа шығу мен банк операцияларының жасалуын қоспағанда үйден шығу шектелгенін түсіндірді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанм балалар тек қана ересектермен  бірге қозғала алатынын, ал 65 жастан асқан адамдарға үйде қалу жақсы екендігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, патрульдік қызметкерлер маскасыз  жүрген азаматтарды медициналық маскалармен қамтамасыз етті.
Бұдан әрі айқын бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметі

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *