Дубовка ауылының кітапханашысы — Ыбрайхан Әйгерім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту шешімін жариялай отыра, еліміздегі сабырлықты сақтау баршамыздың міндетіміз екенін айта кетті. Бүгінгі күні тек біздің елдің ғана емес барша адамзаттың басына бұлт үйірілген уақыт туды. Әлемнің бар елінде алаң тудырған індет күнен күнге ушыққан өрт құсап қаншама адамзаттың өмірін қанды қылышымен қиюда. Қай елге болсын үлкен сынақ туды. Ел басымыз халқымызға жолдау жасап, елімізді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біріге бірлесіп, ерік жігерімізді жиып қиын кезеңнен мойымай өтуге шақырды.
Тұғырлы тәуелсіздігімізді алғалы бері толқынды жылдарда да сабырлылықпен, байсалдылықтың арқасында талай қиындықтың шыңын бағындырған еліміз бұл қиындықты да еңсеретініне мол сеніммен қарайық.
Президентіміздің бастамаларымен бұл қиындықты еңсеру үшін бар күш жігер, білімдерін салып еңбек етіп жатқан барлық маман иелеріне қуат тілейміз.

Дубовка ауылының кітапханашысы — Ыбрайхан Әйгерім

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *