Каринов Абылай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінен кейін еліміз 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әлемге жайылған коронавирус індеті біздің елге де өз әсерін тигізей қалмады, кейбір азаматтар жұмысынан айрылып, табыссыз қалды. Алайда біздің елде төтенше жағдайды ертерек жариялап, індеттің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілгендіктен қауіпті індеттің таралу қарқыны бірден өршіп кетпей, қалыпта жағдайынан шығып кеткен жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да Қазақстанның бұл тұрғыда жасаған іс-қимылын оң бағалап отыр. Елімізде қатаң карантин шаралары енгізіліп, қоғамдық көліктің, қоғамдық сипатта жұмыс атқаратын халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүмыстары тоқтатылды. Мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне өтті. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілгендігі бұқаралық ақпарат құралдарынан айтылып жатыр. Бұл да мемлекет тарапынан қиындыққа тап болған халыққа арнап жасаған игі іс. Көп азаматтар 42500 теңге көлемінде қаржылай көмекке қол жеткізді. Бұл әрине табыс көзінен айырылған адамдар үшін осы індет кезінде ең қажетті деген азық-түлік пен дәрі-дәрмекке жеткілікті ақша.
Ал карантин режимін 11 мамырға дейін ұзарту, менің ойымша, аурудың алдын алып, індеттің кең етек жайып кетпеуіне тосқауыл қою үшін жасалып отырған жұмыс. Әлемдік тәжірибеге үңілетін болсақ, коронавирус кең тарап кеткен кейбір шет елдерде індеттің алдын алдық-ау дегенде ауруға шалдығудың екінші толқыны келіп, жығылған үстіне жұдырық болып жатқан жайттар да кездескен жайы бар. Сол себепті, мемлекет басшысының жарлығы толыққанды дұрыс, оң мен солы әбден өлшеніп барып жасалған қадам деп ойлаймын. #BizBirgemiz

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *