Жайылымдар туралы

Абай ауданы бойынша

2020-2021 жылдарға арналған

Жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Абай ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
        Сессия төрағасы                                           И.Соколов
      Абай аудандық мәслихаттың хатшысы       Б.Цай

 

шешіміне  қосымша

 

 

Абай ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспар

 Жалпы мәлімет

Абай ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес дайындалды. Жоспар жайылымдардың тиімді пайдаланылуын, жем-шөп қажеттілігінің тұрақты қамтамасыз етілуін және жайылымдардың деградациялану үдерісін болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жоспар қамтиды:

1) аудандағы жердің барлық саннатары бойынша ақпарат (1-қосымша);

2) ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер (2-қосымша);

3) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті (3-қосымша);

4) Абай ауданының елді мекендер үшін жайылым айналымының схемасын (4-қосымша);

5) Абай ауданының қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің шекараларында орналасқан елді мекендерінің жайылымдық алқаптары көрсетілген схемалары (5,13,18,43,51,81,100,118,127,151,159,164 — қосымшалар);

6) Абай ауданының қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің аумағында жер учаскілерінің меншік жер пайдаланушылардың жайылымдарын орналастыру  схемалары (6,14,19,20,21,44,52,53,54,74,82,83,84,101,103, 119,123,128,129,130,131,146,155,156,160,165,166,167-  қосымшалар);

7) Абай ауданының қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің шекарасындағы ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу схемалары (7,15,45,47,55,56, 59,86,102,120, 125, 133,135, 148,149,150,161,168, 170,171 — қосымшалар);

8) Абай ауданының босалқы жерінің отарлы жер учаскесінің  қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта  бөлу схемалары  (8,22,23,24,25,26 ,27,37,58,57,70,76, 85,87,88,89,105,107,112,132,134,169  — қосымшалар);

9) Абай ауданының қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің шекарасындағы жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің схемалары (9, 16,29 , 30,31,32,34,46, 60,61,64,90,91,92,93,104,121,124,136,141,142,152,153,157,162,172,174,175 — қосымшалар).

10)Абай ауданының босалқы жерінің отарлы жер учаскесінің шекарасында  қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің жайылымдарын сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің схемалары (10,33, 35,48,62,63,71,75,94,108,109,110,137, 143,173 қосымшалар);

11)Абай ауданының  қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің шекарасында жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемалары (11,17,28,36,38,49,50,65,66,69,72,77,78,80,95,96,97,98,111,113,114, 122,126, 140,143,144,147,154,158,163 —  қосымшалар);

12)Абай ауданының босалқы жерінің отарлы жер учаскесінің шекарасында  қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемалары (12,40,41,42,67,68,73,79,99,106,115,116,117,138,139- қосымшалар);

 

 Қорытынды

Ауданда 514174 гектар жайылым бар, сондықтан да Абай ауданының аумағындағы Жайылымдарды басқару, оларды пайдалану жоспарын іске асыру бойынша жерлерді тиімді және ұтымды пайдалануға, жайылымдардың жоғары өнімділігін арттыруға, ұзақ уақыт ішінде шөп қабатының бағалы құрамын сақтауға, жайылым жем-шөптері мен жануарлардың неғұрлым көп санын қамтуға, мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары өнімін алуға және мал басын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

шешіміне 1 қосымша

 

 

Аудандағы жердің барлық саннатары бойынша ақпарат

 

р/н Жер санаты Барлығы, га Олардан
      Жайылым, га
1 Ауыл шаруашылық тағайындау жерлері 427338 315253
2 Елді мекендер жерлері 79206 66280
3 Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық емес тағайындаулар 18760 5896
4 Ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері 152 0
5 Су қорының жерлері 2908 794
6 Мемлекеттік жер қоры 143725 125848
7 Орман қорының жерлері 440 103
  Барлығы 672 529 514174

 

шешіміне 2 қосымша

 

Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер

 

№ р/п Абай ауданының қала, ауылдары, кенттері мен ауылдық округтерінің атауы Мал сою алаңдарының саны, бір. Мал сою пункттерінің саны, бір
1 Абай қаласы 1
2 Топар кенті 1
3 Ақбастау ауылдық округі 2
4 Дзержинский ауылдық округі 1
5 Дубовка ауылдық округі 1
6 Ильичевский ауылдық округі 2
7 Көксу ауылдық округі 3
8 Құлаайғыр ауылдық округі 1
9 Құрма ауылдық округі 1 1
10 Мичурин ауылдық округі 1
11 Самарка ауылдық округі 2
шешіміне 3 қосымша

 

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график

  Егістіктің номері
жылдар  1  2  3  4
 1 Бір реттік өршіту 25 сәуірден 24 маусымға Бір реттік өршіту 25 маусымнан 24 тамызға Бір реттік өршіту 25 тамыздан 22 қазанға Егістікті тынықтыру
 2 Егістікті тынықтыру Егістікті тынықтыру 25 сәуірден 24 маусымға Бір реттік өршіту 25 маусымнан 24 тамызға Бір реттік өршіту 25 тамыздан 22 қазанға
 3 Бір реттік өршіту 25 тамыздан 22 қазанға Егістікті тынықтыру Бір реттік өршіту 25 сәуірден 24 маусымға Бір реттік өршіту 25 маусымнан 24 тамызға
 4 Бір реттік өршіту 25 маусымнан 24 тамызға Бір реттік өршіту 25 тамыздан 22 қазанға Егістікті тынықтыру Бір реттік өршіту 25 сәуірден 24 маусымға

 

шешіміне 4 қосымша

 

 

Абай ауданының елді мекендер үшін жайылым айналымының схемасы

 

12

1 — Есенгельды селолық округі

2 — Самарка ауылдық округі

3 — Дзержинский ауылдық округі

4 — Ильичевский ауылдық округі

5 — Қарағанды ауылдық округі

6 — Мичурин ауылдық округі

7 — Дубовка селолық округі

8 — Абай қаласы

9 — Қарабас кенті

10 — Көксу ауылдық округі

11 — Топар кенті

12 — Құлаайғыр ауылдық округі

13 — Южный кенті

14 — Курмин ауылдық округі

15 — Ақбастау ауылдық округі

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *