2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Абай  аудандық  мәслихатының  2020  жылғы  13 шілдедегі

66 кезектен тыс сессиясының  № 66/707

ШЕШІМІ

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

Тізілімінде 2020 жылғы 22 шілдеде  № 5954 болып тіркелген

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының  2019 жылғы 26 желтоқсандағы

57 сессиясының № 57/607 «2020-2022 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Абай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы 57 сессиясының № 57/607 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5637 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 6 қаңтарда және 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 (4297) «Абай — Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2020–2022 жылдарға арналған  аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 13 759 473 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 132 077 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 29 028 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 61 078 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 10 537 290 мың теңге;

2) шығындар – 14 881 609 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттер – 835 919 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 857 730 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 811 мың теңге;

4) қаржы  активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың

теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 958 055 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        1 958 055 мың теңге:

қарыздар түсімдері – 1 758 175 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21 931 мың теңге;

бюджет қаражаттарының  пайдаланатын қалдықтары – 221 811 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3 — қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«5. 2020 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық  жерлерде  жұмыс  істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет    және спорт саласындағы азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақылары мен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда  кемінде  жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелер ескертілсін.»;

6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6.  Абай  ауданы  әкімдігінің  2020 жылға арналған резерві 54 856 мың теңге сомасында бекітілсін.».

  1. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

 

 

Сессия төрағасы                                                     М. Лозинский

 

Абай аудандық

мәслихатының хатшысы                                      Б. Цай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының

66 сессиясының

2020 жылғы 13 шілдедегі

№ 66/707 шешіміне

1 қосымша

 

Абай аудандық мәслихатының

57 сессиясының

2019 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 57/607 шешіміне

1 қосымша

 

2020 жылға арналған аудандық бюджет

 

Санаты Сома (мың теңге)
  Сыныбы
    Кіші сыныбы
      Атауы
1 2 3 4 5
      І. Кірістер 13 759 473
1     Салықтық түсімдер 3 132 077
  01   Табыс салығы 1 330 742
    1 Корпоративтік табыс салығы 297 810
    2 Жеке табыс салығы 1 032 932
  03   Әлеуметтік салық 909 987
    1 Әлеуметтік салық 909 987
  04   Меншікке салынатын салықтар 817 837
    1 Мүлікке салынатын салықтар 646 145
    3 Жер салығы 168 312
    5 Бірыңғай жер салығы 3 380
  05   Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 64 164
    2 Акциздер 4 972
    3 Табиғи және басқа  да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 32 260
    4 Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар 26 874
    5 Ойын бизнесіне салық 58
  07   Басқа да салықтар 18
    1 Басқа да салықтар 18
  08   Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер  

 

9 329

    1 Мемлекеттік баж 9 329
2     Салықтық емес түсімдер 29 028
  01   Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 26 777
    1 Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері 1 293
    5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 25 484
  06   Басқа да салықтық емес түсімдер 2 251
    1 Басқа да салықтық емес түсімдер 2 251
3     Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 61 078
  01   Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 46 073
    1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 46 073
  03   Жерді және материалдық емес активтерді сату 15 005
    1 Жерді сату 14 442
    2 Материалдық емес активтерді сату 563
4     Трансферттердің түсімдері 10 537 290
  02   Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер  

10 537 290

    2 Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер 10 537 290

Функционалдық топ

Сома  (мың теңге)

 

  Кіші функция
    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
      Бағдарлама
        Атауы
1 2 3 4 5 6
        ІІ.Шығындар 14 881 609
01       Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 794 231
  1     Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар 197 371
    112   Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты 22 941
      001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 22 941
    122   Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 174 430
      001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 173 430
      003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 1 000
  2     Қаржылық қызмет 41 915
    489   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі 41 915
      001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 24 135
      004 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу 3 397
      005 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу 14 383
  9     Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер 554 945
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 95 012
      001 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 52 662
      015 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 250
      113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 42 100
    486   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі 30 173
      001 Жергілікті деңгейде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 30 173
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 409 605
      001 Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 35 947
      113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 373 658
    494   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі 20 155
      001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 20 155
02       Қорғаныс 19 694
  1     Әскери мұқтаждар 14 189
    122   Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 14 189
      005 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар 14 189
  2     Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру          5 505
    122   Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты          5 505
      006 Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою 3 638
      007 Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар 1 867
03       Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 28 596
  9     Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер 28 596
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 28 596
      021 Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету 28 596
04       Білім беру 5 834 575
  1     Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту 10 518
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 10 518
      037 Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау 10 518
  2     Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 5 070 800
    464   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 5 028 736
      003 Жалпы білім беру 4 844 167
      006 Балаларға қосымша білім беру 184 569
    465   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі 42 064
      017 Балалар мен жасөспірімдерге  спорт бойынша қосымша білім беру 42 064
  9     Білім беру саласындағы өзге де қызметтер 753 257
    464   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 753 257
      001 Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 26 857
      005 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу 120 156
      007 Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу 355
      015 Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі 32 338
      067 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 385 611
      113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 187 940
06       Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 866 499
  1     Әлеуметтік қамсыздандыру 187 007
    451   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 181 738
      005 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 181 738
    464   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 5 269
      030 Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу 5 269
  2     Әлеуметтік көмек 570 005
    451   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 570 005
      002 Жұмыспен қамту бағдарламасы 120 139
      004 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету  

 

 

6 547

      006 Тұрғын үйге көмек көрсету 8 500
      007 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 55 066
      010 Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 541
      014 Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету 122 605
      017 Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну  

 

 

 

223 824

      023 Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету 32 783
  9     Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 109 487
    451   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 109 487
      001 Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 49 296
      011 Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу 7 229
      021 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 740
      050 Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту 39 018
      054 Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру 13 204
07       Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 4 597 271
  1     Тұрғын үй шаруашылығы 1 317 956
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 1 094 592
      003 Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау 867 691
      004 Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру 142 901
      098 Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу 84 000
    486   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі 3 000
      009 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу 3 000
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 220 364
      005 Авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi бұзу 50 729
      031 Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау 1 500
      070 Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу 168 135
  2     Коммуналдық шаруашылық 2 882 714
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 2 459 243
      005 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 1 065
      006 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 1 802 738
      058 Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту 655 440
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 423 471
      011 Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету 140 000
      012 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі 33 770
      014 Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту 82 910
      026 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру 166 791
  3     Елді-мекендерді көркейту 396 601
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі  

 

396 601

      016 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 1 950
      018 Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру 394 651
08       Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 945 109
  1     Мәдениет саласындағы қызмет 582 476
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 14 642
      011 Мәдениет объектілерін дамыту 14 642
    478   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  

567 834

      009 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 567 834
  2     Спорт 159 521
    465   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі 159 521
      001 Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 16 754
      004 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 432
      005 Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту 136 383
      006 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу 2 823
      007 Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 3 129
  3     Ақпараттық кеңістік 136 412
    478   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 136 412
      005 Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 18 004
      007 Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі 116 532
      008 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының  басқа да тілдерін дамыту 1 876
  9     Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер 66 700
    478   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 66 700
      001 Ақпаратты, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 39 971
      004 Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру 18 694
      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 8 035
10       Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 149 954
  1     Ауыл шаруашылығы 107 506
    462   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі 51 472
      001 Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 50 322
      006 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 1 150
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 14 898
      010 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту 14 898
    473   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі 41 136
      001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 7 887
      005 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету 2 292
      007 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 1 000
      010 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу 3 836
      011 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу 26 121
  6     Жер қатынастары 22 000
    486   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі 22 000

 

      008 Аудандар, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң, кенттердің, ауылдардың шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру 22 000
  9     Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер 20 448
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 20 448
      099 Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру 20 448
11       Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 52 269
  2     Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 52 269
    467   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 18 269
      001 Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 18 069
      017 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 200
    486   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі 34 000
      004 Аудан  аумағының қала құрылысын дамыту және елді мекендердің бас жоспарларының схемаларын әзірлеу 34 000
12       Көлік және коммуникация 220 578
  1     Автомобиль көлігі 185 578
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 185 578
      020 Көлік инфрақұрылымын дамыту 8 547
      023 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 35 762
      045 Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу 141 269
  9     Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер 35 000
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 35 000
      037 Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау 35 000
13       Басқалар 54 856
  9     Басқалар 54 856
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 54 856
      012 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві 54 856
14       Борышқа қызмет көрсету 958
  1     Борышқа қызмет көрсету 958
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 958
      021 Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге  де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 958
15       Трансферттер 1 317 019
  1     Трансферттер 1 317 019
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 1 317 019
      006 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 38
      024 Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 37 577
      038 Субвенциялар 1 240 114
      054 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 39 290
        ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу 835 919
        Бюджеттік кредиттер 857 730
06       Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 658 905
  9     Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 658 905
    464   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 80 000
      088 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру 80 000
    492   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 578 905
      088 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру 578 905
10       Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 198 825
  9     Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер 198 825
    459   Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 198 825
      018 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 198 825

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санаты Сома (мың теңге)
  Сыныбы
    Кіші сыныбы
      Атауы
1 2 3 4 5
5     Бюджеттік кредиттерді өтеу 21 811
  01   Бюджеттік кредиттерді өтеу 21 811
    1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 21 811

 

 

Функционалдық топ Сома (мың теңге)

 

  Кіші функция
    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
      Бағдарлама
        Атауы
1 2 3 4 5 6
        IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0
        Қаржы активтерін сатып алу 0
        Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0

 

 

Функционалдық топ Сома (мың теңге)

 

  Кіші функция
    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
      Бағдарлама
        Атауы
1 2 3 4 5 6
        V. Бюжет тапшылығы  (профициті) — 1 958 055
        VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 958 055
        Қарыздар түсімдері 1 758 175
        Қарыздарды  өтеу 21 931
        Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 221 811
16       Қарыздарды  өтеу 21 931
  1     Қарыздарды  өтеу 21 931
    459   Ауданның  (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі 21 931
      005 Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу 21 811
      022 Жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 120

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының

66 сессиясының

2020 жылғы 13 шілдедегі

№ 66/707 шешіміне

2 қосымша

 

Абай аудандық мәслихатының

57 сессиясының

2019 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 57/607 шешіміне

4 қосымша

 

2020 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

 

Атауы Сома (мың теңге)
1 2
Барлығы 6 347 359
Ағымдағы нысаналы трансферттер 1 713 514
Республикалық бюджеттен 1 462 593
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақыға 8 004
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақыға 165 500
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мұғалімдерінің еңбекақысын ұлғайтуға 336 055
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің еңбекақысын ұлғайтуға 413 499
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға 52 805
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 39 018
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 124 875
Мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларына қосымша ақы белгілеуге 41 618
Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге 29 084
Халықтың әлеуметтік осал топтары және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға 84 000
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге 168 135
Облыстық бюджеттен 250 921
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының  шеңберінде еңбек нарығында талап етілген кәсіп және дағды бойынша жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 30 475
Білім беру объектілерін күтіп ұстауға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жөндеу жүргізуге 100 000
Автомобиль жолдарын (қала көшелерін) және елді мекендердің көшелерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге 74 456
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға 45 990
Нысаналы даму трансферттері 2 875 670
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері 1 847 481
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау 177 832
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру 59 682
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 1 074 527
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту 535 440
Облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері 1 028 189
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру 83 219
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 724 478
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту 120 000
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау 100 492
Бюджеттік кредиттер 1 758 175
Республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер 198 825
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер 198 825
Облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер 483 375
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау 483 375
Облыстық бюджеттен ішкі қаражатынан берілетін кредиттер 1 075 975
Елді мекендерді абаттандыруға 57 501
Әлеуметтік-мәдени объектілерді ағымдағы жөндеуге 217 177
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ағымдағы жөндеуге 198 893
Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды ағымдағы жөндеуге 70 200
Инженерлік-көлік инфрақұрылымын орташа жөндеуге 532 204

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының

66 сессиясының

2020 жылғы 13 шілдедегі

№ 66/707 шешіміне

3 қосымша

 

Абай аудандық мәслихатының

57 сессиясының

2019 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 57/607 шешіміне

5 қосымша

 

 

2020 жылға арналған аудандық маңызы бар қалаларлар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер

 

Атауы Сома (мың теңге)
1 2
Барлығы 603 698
оның ішінде:  
Трансферттер 603 698
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру 187 940
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу 300 854
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 4 400
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысын арттыруға 42 100
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 64 556
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 3 848

 

 

 

 

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *