Абайдың күнімен құттықтау

Биыл алғашқы рет қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні мереке болып ҚР Үкімет Қаулысымен бекітілді. Жыл басында 1ҚББМО жоспар жасалып, ісшаралары тізбегі бекітілді. Елбасының «Замандар ауысып, дүние өзгере де халқымыздың Абайға көңілің айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырлары ашып, жаңа сырларға қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі- бақыт бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» деп айтқан. Жас ұрпақ Абайды оқып, оның өлең- жырларынан мол ғибрат алады. Сонау 19 ғасырда айтып кнткен сөздері қазіргі таңда өзекті болып отыр. Абай атамыз өнер- білімге, ғылым мен ілімге шақырып, елін- жұртын ойлаған жан. » Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермеу, биіктерге қол жету мүмкін еместігін айтты. Ол » Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз ,- деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болу үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың » Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетінің мағынасы зор. Абай айрықша дәріптеуге игілікті істің бірі- тіл үйрену. 25 қара сөзінде » Әрбіреудіі тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дауғасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды» деп атап көрсеткен. Терезесі тең елдермен үзеңгілес жүру үшін жастарымыз көп тіл білген абзал. Ғұлама Абай- қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласының ақыл- ойдың жемісін сыйлады. Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерімен, орыс әжеьиетінен, тарихи еңбектеріне сарқылмас нәр алғанын айтады.

 

П.Әбилдина, Абай қ.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *