Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың ережесі

Абай ауданының

аумағындағы  2020-2021

 жылдарға ауыл шаруашылығы

жануарларын  ұстау және жаю

 ережелерің бекіту туралы

         1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Ережелердің (бұдан әрі — Ережелердің) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.

  1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары — адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;

2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері — меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) — ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;

5) ветеринариялық паспорт — уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

6) жайылымдар — ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;

7) маусымдық жайылымдар — жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;

8) шалғайдағы жайылымдар — елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;

9) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер — алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.

         2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

  1. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.

Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.

Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.

  1. Мыналарға:

1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);

2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға:

— су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне; — малды темір жол арқылы өтпелерден, жол өтпелерінен және осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген өтпелерден тыс айдауға тыйым салынады;

— мал айдайтын адамдар оның өту ауданынан (шекарасынан), жол өтпесінен немесе белгіленген өту орнынан және әсіресе малдың теміржол жолына шығуына жол бермеуі тиіс;

— жеке мал басын айдау (ересек адамға 2-ден артық емес) ;

— мал табыны малдың темір жолға шығу мүмкіндігін болдырмайтын мал айдаушылар  саны  жеткілікті болған жағдайда айдалуы тиіс;

— малды өтпелер арқылы емес, тәуліктің қараңғы уақытында, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында тұман, нөсер және т. б. кезінде темір жол жолымен бір деңгейде айдап өтуге тыйым салынады.;

— малды өткелдер немесе мал айдауға арналған өткелдер арқылы жаппай айдау кезінде малды алып жүретін адамдар бұл туралы темір жол дистанциясының жол шеберлерін өтпелер немесе өтпе жолдар орналасқан жердегі малды айдап өту жағдайларын қамтамасыз ету үшін алдын ала хабардар етуге міндетті;

— қоршалмаған жайылымдарда темір жолдан 300 м жақын қашықтықта мал бағуға тек байлаулы, ал темір жолдан 2000 м дейінгі қашықтықта-тек тұрақты қадағалаумен ғана рұқсат етіледі;

— өзге де жолдар болған кезде асфальт және цемент-бетон жабыны бар автомобиль жолымен ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға (айдауға) тыйым салынады;

— ҚР ҚН сәйкес бөлінген белдеу шекарасындағы автомобиль жолдарының иелерімен келісілген, арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде жануарларды бағуға, сондай-ақ оларды өңірлік маңызы бар автомобиль жолдары арқылы айдауға тыйым салынады 3.03-02-2013 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген;

— бөлінген белдеудің және жол бойындағы белдеудің ені «автомобиль жолдары туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245 Заңымен айқындалады.

4) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), сондай-ақ жаю ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді.

Бұл ретте, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;

6) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.

  1. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарына байланысты жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне орайластырылады.

Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.

  1. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

  1. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 237-бабы3-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.
  2. Абай ауданының аумағындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы жаю жүйесі қолданылады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті жем қоры құрылады.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі — см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.
  2. Елді мекендер шегінде жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарды беру аудандақ маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде — Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға (бұдан әрі — Жоспар) сәйкес ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  3. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Ауыл шаруашылығы малдарын жаю мен жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану күнтізбелік графигі Жоспарға сәйкес анықталады.
  5. Мемлекеттік меншіктегі кенттер мен ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.
  6. Осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары асып кеткен жағдайда Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.

  1. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қаматамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда бағу 15-20 см биіктікте қар жауғанда аяқталады.

         1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдауды ұйымдастыру

  1. 17. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерде, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды.

Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшадакөрсетілген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.
  2. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде егу және вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.

         2-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру

  1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары:

1) Жоспардың іске асырылуын;

2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.

  1. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:

1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;

2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;

4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;

6) ауыл шаруашылығы жануарларын жиналатын орындарды;

7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;

8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;

9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;

10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар:

1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;

2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;

3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;

5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.

  1. Тиісті жергілікті өкілді органдары бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 

 

Абай ауданының аумағында

ауыл шаруашылығы жануарларын

ұстау және жаю Ережесіне

1-қосымша

 

                              Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары 

 

Жыныстық-жастық топтары Жануарлардың саны, бас Тәуліктік айдау қашықтығы, километр
Ірі қара мал
Бұзаулы сиырлар
(емізулі)
150-200 15-20
Қашарлар (2 жасқа дейін) 200-250 20-25
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) 200-250 20-25
Ұсақ мал
Қозылы қойлар,
Лақты ешкілер
500-600 20-30
Бір жылғы төл 600-800 30-40
Жылқылар
Құлынды биелер 100-150 25-30
1,5-2 жастағы төл 150-200 35-40
Түйелер
Түйелер 100-120 40-50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай ауданының аумағында

ауыл шаруашылығы жануарларын

ұстау және жаю Ережесіне

2-қосымша

 

 

Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары

 

 

Жыныстық-жастық топтары Қоңдылығы
Ортадан төмен, бас Орташа, бас Ортадан жоғары, бас
1 2 3 4
Ірі қара мал
Бұзаулы сиырлар
(емізілулі)
50-70 150-200 150-200
Қашарлар (2 жасқа дейін) 100-150 200-250 200-250
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) 100-150 200-250 200-250
Ұсақ мал
Қозылы қойлар,
Лақты ешкілер
400-500 500-600 500-600
Бір жылғы төл 400-500 600-700 600-800
Жылқылар
Құлынды биелер 50-70
80-100
100-150
120-150
150-200
150-200
1,5-2 жастағы төл
Түйелер 30-60 60-90 90-120
Түйелер

 

 

Абай ауданының аумағында

ауыл шаруашылығы жануарларын

ұстау және жаю Ережесіне

3-қосымша

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған   жүктеме нормалары

Ірі қара мал, бас Ұсақ мал, бас Жылқылар, бас Түйелер, бас
150-ге дейін 500-ге дейін 100-ге дейін 100-ге дейін

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *