Үндеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек — Білім күнімен тұспа-тұс келген кезекті Жолдауының негізгі бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды.

Елбасымыз еліміздің дағдарыс алдындағы басты мақсаттарын қамтыды. Осы жылдан бастап мемлекет аппараты 10%, ал келесі жылы 15% қысқартыланын мәлімдеді.

Әрбір қазақстандық отбасыларға маңызды болып отырған мәселенің шешілуіне үміт бар — Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім мекемелерін көбейтіп, барлық балаларды балабақшамен қамтылуын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде зорлық-зомбылық, педофелия, есірткіні тарату, адамдарды сату, әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету сияқты адамның, әсіресе балалардың жеке басына тиісті аса ауыр қылмыс жазаларын тез арада күшейтілуін талап етті.

Мемлекет басшысы белгілеген мақсат-міндеттер іске асып, халықтың еңсесі көтерілсін, ел басына төнген ауыр күндер артта қалсын деген үміттемін.

 

Абай ОКЖ библиографы Сұлтанбекова Ш.Қ.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *