«ДҮНИЕГЕ КЕЛЕР ӘЛІ ТАЛАЙ ҚАСЫМ»

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында жарық жұлдыз, мәңгі сөнбес шамшырақ Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы аясында Абай аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» атты декадасы жалғасын тапты.

Жұмыс жоспарына сәйкес 1-5 сыныптар арасында  «Барым да, бақытым да осы өлеңім» атты позиялық минуты ұйымдастырылды. Оқушылар ақынның жүректен шыққан жыр жалын өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның туған жерге деген шексіз махаббатын сезіне отырып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

Өзге емес өзіне айтып шер мен мұңын,

Арнапты ұрпағына әнмен сырын.

«Ғалымның  өзі өлседе сөзі өлмеген»

Әуелетіп ұрпақ жүр өлең, жырын, -деп, 4 «А» сынып оқушысы Абдоллақызы Аделя өзінің жүрекжарды өлең шумақтарын да ақынға арнады.

9-11 сыныптар арасында «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда…» атты Қасымның әндер байқауы өткізіліп, оқушылар белсене қатысты.  9 «Ә»  сынып оқушысы Жаканов Нұрсұлтан «Өзім туралы» әнін нақышына келтіре орындап, жүлделі орынды иеленді.

9 «А» сыныбында «Қазақтың Қасымы» атты  сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты ақын өмірімен жете таныса отырып,  ақын шығармашылығының қыр-сырын зерделеу. Қасым Аманжоловтың өлеңдері арқылы сынып үш топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ақынның өмірі мен өлеңдері жайында видео, презентация көрсетіліп, поэмаларымен және аудармаларымен де танысты. Көптеген өлеңдері оқылып, әндері айтылды.

Ақынның мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған, аудандық, облыстық байқауларға мектебіміздің оқушыларымен қатар ұстаздары да белсенділік танытып, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты облыстық байқауына Қызырата Нұрсұлтан, Елуқызы Айғаным, Мақсұт Сымбат ұстаздар қатысуда.

«Шарлаған жолым жатыр жер бетінде…» деп өз артына өшпес із қалдыран ақынның жалынды жүрек пен шынайы тілектен құйылған өлең-жырлары келер ұрпақтың көкейінде мәңгі қалмақ. «Аманжол –Рахымжанның Қасымының» асыл мұрасы бүгінгі Ұлы дала елінің, тәуелсіз ұрпағының бағалы қазынасы болып қалары қақ!

 

 

 

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимнзиясы

 

 

Ұлы ақынды мәңгілік жадында сақтау,

 

Қасым есімін  қазақ әдебиетінің, жалпы ұлттық мәдение­тіміздің тарихында мәңгілік таңбалаған оның осы тұлғалық қасиеті, осы ақындық болмысы еді. Біз Қасым жөнінде сөз айтпақ болып, ақынның ғажайып жырларына оралып, оларды оқығанда оның ақындық тұлғасы өршіл өлеңінен асқақтап алдымыз­дан шығады. Заман тынысын, адам болмы­с­ын бейнелеген зор табиғи дарынның, бүгіндері аңызға айналған суреткердің мұрасы – Алаш сөзінің құдіреті жеткен аласармас биіктердің бірегейі. Қайшылығы мол, күрмеуі көп, қатал да қайырымды ХХ ғасыр қазақ деген халыққа алапат та әкелді, абырой да берді, азаттық та сыйлады. Қасым поэзиясы – ұлт тарихындағы осын­дай қайшылықты ғасырдың ең қиын шағының көркем куәсі, бедерлі бейнесі. Өмірде адамның рухани азаттығына, өнер­де суреткерлік еркіндікке ұмтылған, нағыз ақындық тағдыр кешкен, сырлы сөздің мұраты мен сертіне жеткен Қасым – халық пен өнер алдындағы өзінің миссиясын толығымен орындаған суреткер.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/14638-ozimmen-birge-olmesin-olenhim-dep
© egemen.kz

 

 

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимнзиясы

 

 

Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай үлкен тебіреніспен жазылған осы дүниені оқырмандар назарына ұсынғанды жөн санадық.

Қырық жыл бойына, одан беріректе Қасым Аманжолов дүниеден өтіп, оның мәңгі өлмес шығармалары туған қазақ даласының о шеті мен бұ шетіне тарай жөнелгенде, оның құдіретті рухы мен өлеңдері қантамырымызда әлдебір ыстық леп туғызып, өзімдікі өз дауысым, өз тынысым дегізгенде, менің арғы ми түкпірімде пайда болып, соншама мерзім бойына есейіп, толысып, мән-мағынасы кеңейіп келген бір ұғым бар еді. Ол ұғымның әзірге ат-есімі жоқ болатын. Қасым туралы осынау жылдарда жазылған қаншама мақалалар, зерттеу-монографиялық еңбектер, замандастар айтқан естеліктер, оның ішінде өзім жазған әр кезең, әр тұстағы толықтырып отырған пайымдауларымның ішінен – қысқасы, бәрі-бәрісінен мен әлгі көкейімде көптен айтылып келген ұғымның, түйін-қорытындының атын, есімін еш кездестірген емеспін. Яғни бұл ұғым, бұл пайымдау кәдімгі туып, ержетіп, өсіп-өнетін адам тіршілігінің жолындай уақыт кешіп барып, танылатын ұғым, түсінік, концепция екен. Енді бүгін соның атын айтсам, ол «Қасым Аманжолов – қазақтың ұлттық ақыны» деген ұғым екен. Мен бүгінгі сөзімде Сіздермен қосылып отырып, өзімді осы ұғымға бастап әкелген дәйектеме, дәлел, топшылауларымды ортаға салсам деймін. Жағдайдың жалпыға белгілі қарапайым тұсынан бастасақ, жиырмасыншы жылдардың аяғынан отызыншы жылдардың аяғына дейін – он жыл бойына ұлтшылдық деген ұғым жаман мағынаға айналып, тағдырдың қыл шылбыры талай сабаздың мойнына түсіп, қазақ ырысы, несібесінің қара қазанына жаңа қалыңдап түсе бастаған қаймақты қырсық заманның қырсық қолы сыпыра жөнелген кезеңге кездестік. Қазан ішіндегі құт, құнарлы сүт көк шалапқа айнала бастаған тұста тағы да бір ұлы қырсық душар бола кетті. Ол тіпті жалпы адамзатқа келген опат – соғыс еді. «Бір жаманаттың бір жақсылығы болады» деген рас болуы керек, бүкіл Отан, бүкіл мемлекет басымен қайғы болған уақытта жаңағы ұлтшылдық қырғын, ұланасар науқас сап тиылған сәті еді. Қайтадан отанда қанша ұлт бар, солар өздерінің арғы-бергі тарихын ақтарып, ата-баба ерлігін, батырлығын еске алып, солардың аруағына сиынсын, намыс, кек, ыза, жауға деген өшпенділік отын тұтатсын деген ұран шықты. Орыста сонау Александр Невскийден бастап, бері қарайғы отаншыл батырлар, ерлер есімі ауызға алынып, олар туралы шығарма, пьеса, кинолар түсірілгені естеріңізде шығар. Дәл осы тұста қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне тарихи хаты жарияланды. Онда біздің Едіге, Қобыландыдан бастап, бар батырымыздың аты аталып, аруағы шақырылды. Шынында, мұның соғысып жатқан қазақтарға әсерін әсте жеткізіп болмайды. Осы күн біз сол халқымыздың басына күн туғандағы ұран-хатын орынсыз ұмытып жүрміз деп ойлаймын. Міне, осы хаттан соң майданда болсын, тылда болсын халықтың рухани асқақтауы, жанұшыруы, ақтық қайрат-күшпен арпалыса жанығуы – меніңше, баяғы қалмақ қырғындарының заманынан кем болмаған шығар. Ол нені көрсетті? Ол әлі де болса, қазақтың халық екенін, ата аруағын, ұлт ұранын ұмытпағандығын көрсетті. Мұның алдында біздің боздақтарымызды 1937 жылы жеке-жеке бөліп алып, «халық жауы» деп құртты. Халық өзінің жауы дегесін үнсіз қалды. Ал жалпы халықтың өзін «сен түгеліңмен жаусың» деп көрші, қалай болар екен? Әне, культ, Сталин дәуірінің сұмдық айла-тәсілі осында болатын. Енді жаппай құрып кету қаупі туғанда ел азаматы, ел аруағы керек болды. Ғаламат жау пайда болғанда, мынау «қолдан жасаған жау­лар» – бер жағында қалды. Ойлап қараңыз! Қашанда Аллаға, Аруаққа сиыну – Адамның рухани бостандығының басты белгісі. Өйткені бостандық, ерік жоқ жерде «Алла» деп айтып қап, жалма-жан жан-жағына қарап, үркетін әдетті өздерің бастан кештіңдер. Әне, ел басына қауіп туып тұрғанда «Отан азаттығы үшін» деп ұран тастадық. Ал ел азаттығы үшін күресте Адамның өз азаттығы керек болатын. Әлі күнге ойлаймын, егер біздің ел болып, тұтас күрескерге, жауынгерге айналмағанымызда, не үшін соғысатынымызды білмегенде, фашистік Германияның маманданған, дүние қаруының бойына бәрін жиған алапат армиясына төтеп бере алмаған болар едік деп. Соғыстың Отан соғысы аталуының өзінде осындай ұлы мәніс бар. Сайып келгенде, соғыс сенің ұлтыңа, ұлтшылдығыңа мәніс берген жоқ. Немістегі «нацист» деген сөздің мағынасы мүлдем басқаша. Ал жоғарыда жазылған хаттың тарихи маңызы – қазақ жауынгерлерінің бойында ұлттық намысты, арғы ататекті, аруақты оятты. Оның үстіне иесіз қалған шаңырақ, панасыз қалған ұрпақ, қайран алтын ұя – бәрі қосылып, қазақ солдатының солардың бәрі үшін отқа түсуіне, ажалға қарсы баруына себеп болды. Қазақ баяғыда көп қатын алса, ұрпақ үшін, көбею үшін алды, бірақ ешқайсысы осы күнгідей шаңырақ бұзған жоқ, отбасын аздырмаған. Сондықтан да халқымызда шаңырақ қасиеті, культ басым еді, ағайындық, бауырмалдық одақ күшті болатын. Қарындастан айырылған жаман екен, Қара көзден мөлдіреп жас келеді. Негізгі сөзге қайтып оралсақ, соғыс біздің еркімізді, рухымызды босатты, яғни кім екенімізді, кең даланың бір кезде еркін көшкен қазағы екенімізді айтқызды. Ал оны айтатын сөз иелері кімдер еді? Әрине, әдебиет, ақындар мен жазушылар еді. Сөйтіп, осы тұста қазақ әдебиетіне Елім, Жерім, Қазағым, Қазақстаным деген сөздер қайтадан келіп кірді. Біздің музыкамызға да, жаңа қанат қаққан көркемсурет өнерімізге де, тіпті ғылымымызға да қазақтың елдік, ұлттық тақырыбы ене бастады. Мысалға: «Жас қазақ» әні, «Гвардия, алға!» секілді опера, «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы, «Батыр Науан» мен «Мәншүк» поэмаларындағы ата-баба ерліктері, тағы басқалар. Мен бұл мысалдарды жекелеп қана айтып тұрмын. Қазақ әдебиетінің сол кездегі көрнекті өкілдері – Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Ғабит Мүсірепов, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Мәриям Хакімжанова, Әбу Сәрсенбаев, Дихан Әбілов, Жұмағали Саин, Қапан Сатыбалдин, Асқар Тоқмағамбетов, Жақан Сыздықов, Қалижан Бекхожин, тағы басқа қалам қайраткерлерінің соғыс тақырыбындағы шығармаларының дерлік бәрінде де қазақ халқының ерлік тарихы, осы күнгі қайта тіріліп жатқан ата-баба қаһармандығы жырланған қысқа да болса бір еркін дәурен еді ол. Ал қазақтың елі мен жерін, Сарыарқа самал жайлауын, Ертістей сырнайлы өзенін, оралып келуге жазылған Оралы мен Жайығын, рухани биіктік пен мәңгі ақкөңіл дариялар анасы – ақбас Алата­уын қимас көңіл, сарқылмас сағынышпен жырлаған Қасым Аманжолов дауысы осынау шоғырдың ішінен алабөтен естілген еді. Тағы да айтамыз, Қасымның қасымдық атағын шығарған осынау алапат соғыс, халық трагедиясын, оның ішінде қазақтық қасиетті жырлаған дауылды, нажағайлы, нөсерлі өлеңдері еді. Соғысты дәл өзінің ішіне кіріп алып жырлау – сонау Махамбет дәстүрі, үлгісі болса, енді одан жүз есе үлкен де апатты соғысты жырлау, ондағы қазақ бейнесін жасау поэзияда негізінен Қасым Аманжолов үлесіне тиді деген артық сөз емес. Қазақтың үлкен поэзиясынан соғыстың алып тұлғасын, мінезін, психологиясын, жанды кескінін іздесең, Қасымды оқу керек. Қысқасы, Қасымды ақын етіп, сомдап шығарған, соғыс алдындағы өлеңдерінде шашырап қана көрінген алтын сынықтарды біріктіріп, сом алтынға, самородокке айналдырған соғыс, соғыс тақырыбы екені айдан анық. Дәл осының өзінен, үлкен жер сілкінісі кезінде мұхит төсінен жарып шығып, орнап қалған жанартаулар секілді халық өміріндегі тарихи сілкіністен, ұлан-байтақ оқиғадан Адамдардың да үлкені, батырлардың, ақындардың үлкені туатынын көруге әбден болады. Мысалы, Бауыржан мен Қасым секілді. Біздің негізгі тақырыбымыз – ұлттық батырлық пен ұлттық ақындық осы арадан келіп шықса керек.

 

 

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *