РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

Осыдан 29 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми бекітіліп, мемлекетіміздің айшықты белгісіне айналды.

Осы айтулы шараға орай Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД  АК-159/18 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында осы мекеме кітапханасында мемлекеттік рәміздердің 29 жылдығына арналған жиын өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік  тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі екенін бүгінгі жазасын өтеушілердің сол жиында сөйлеген ой-пікірлерінен Отанға деген патриоттық сезімдерінен көруге болады.

Осыдан 29 жыл бұрын Алматы қаласының нақ төрінде аса маңызды тарихи оқиға – тұңғыш рет мемлекеттік рәміздер қабылданды. Ту, Елтаңба мен Әнұран – халқымыздың арманы мен аңсарының, дархандығы мен даралығының,  әлеуеті мен мүмкіндігінің жиынтық көрінісі, — деп атап көрсетті шараға қатысқан мекеме басшылығы жиын барысында.

Бүгінгі Қазақстан – тұрақты дамыған, өркен жайған мемлекет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын,  Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы.

Жиын соңында мекемедегі жазасын өтеушілерге еліміздің мемлекеттік рәміздері жөніндегі деректі материалдары ұсынылып таныстырылды.

Қарағанды облысы бойынша

ҚАЖД   АК-159/18 мекемесі

Заң тобының заң кеңесшісі   Л.Ю.Фрунзе

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *