Қарағанды облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша облыста барлығы коронавирустық инфекцияның 31 535 жағдайы, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 324 жаңа жағдайы тіркелді.

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 2213,2 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқас 65,2%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар 34,8%.

Негізгі сырқаттанушылық Қарағанды қаласында тіркелді — 49,1%.

Өткен аптада КВИ облыстық көрсеткішінің артуы Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалаларында, Нұра, Абай аудандарында байқалды.

Эпидемиологиялық мониторингке сәйкес мамыр айында сәуір айының осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 61,4%-ға өскені байқалады. Өткен аптада (17-нен 23.05-ке дейін) алдыңғы аптамен (10-нан 16.05. дейін) салыстырғанда ауру көрсеткіштері 9,5%-ға өсті.

Вакцинацияның облыстағы эпидемиялық процеске әсері қазіргі уақытта мардымсыз. Бұл вакцинацияның екі компонентімен жеткіліксіз қамтылуына және қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің болмауына байланысты.

Облыс аумағында халықты вакцинациялау үшін барлық жағдай жасалған!

Егер сізде профилактикалық егулердің қажеттілігі туралы күмән туындаса, бас тартуға қол қоюға асықпаңыз. Жұқпалы аурудың қауіптілігі, вакцинация қажеттілігі, одан бас тарту салдары туралы толық ақпарат жинаңыз.

Вакцинацияның пайдасына жалғыз дұрыс шешім қабылдаңыз!

Қарағанды облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *