ЕЛ СЕНІМІ – ЫНТЫМАҚ КЕПІЛІ

Бекітілген кестеге сәйкес, әр айдың бірінші дүйсенбі күндері Абай ауданының  әкімі С.Шайдаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен өткен жеке қабылдауға 6 азамат қатысып, жалға берілген демалыс орындарындағы жалақының уақытылы төленбеуі, бұл жағдайда аудан әкімі сотқа беруге болатындығын ескертті. Сол сияқты қоқыс жинау, жолдардарға судың жиналуы, қаламыздағы жарықтың беруі жөнінде, тұрғын үй алу және «дипломмен – ауылға» бағдарламасы мәселелері бойынша көкейкесті сұрақтарын қойды.

Аудан басшысы барлық сұрақтарға нақты да толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша мемлекеттік мекеме басшыларына жақын арада аталмыш мәселелерді шешу үшін жауапкершілік жүктей отырып, тапсырма берді.

Гүлнұр ОҢАЛЫҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *