СЫРЛЫ ӨНЕР

29 наурыз күні АК – 159/9 әйелдер колониясында «ХХІ ғасыр әйелі» қолдан жасалған шағын мүсіндердің байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты әйел затының шығармашылық қабілеттерін дамыту және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани – адамгершілік және мәдени құндылықтарды игеруге жігерлендіру, нәзік жандыларға деген құрметті арттыру.

Байқауда аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының  орынбасары О.Цой, «Позитивное развитие» ЖМ басшысы6 аудандық мәслихат депутаты О.Панасиди, кәсіпкерлер палатасы ассосациясы Абай аудандық филиалының өкілі З.Марданова, «Абай – Ақиқат» аудандық газеті редакторының міндетін атқарушы Г.Әбеуова әділқазылық жасады.

Саусақтарынан бал тамған нәзік жандылар қауымының жұмыстары бірінен соң бірі асып түсіп жатты. Өмірлерінде ешқашан бұндай нәрсемен айналыспаған жандар үшін өз қолдарымен өзіндік мағынасы, мәні, астары бар дүние жасап шығару аса мақтан тұтарлық. Сол сияқты байқауға қатысушылар әділқазылар алқасына әйелдер қауымының балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірім, ақ тілегі, сәбиі үшін қаншама қиындыққа да төтеп беретін төзімділігі, қоғамдағы белсенді жұмыстар атқаратындығы сөз етілді.

Сайыс соңында қатысушылар дипломмен, алғыс хатпен және бағалы сыйлықмен марапатталды. Сонмен бірінші орынды Серікбаева Аягөз, екінші орынды – Таскаева Валентина, үшінші орыншы – Каюпова Мария.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *