Терроризмге қарсы күрес – ортақ мiндет

18 сәуір күні Южный кентіндегі ЮТРУ-дың және қалалық әкімдіктің қызметкерлерімен  аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбында жиын өтті. Жиынға Қарағанды облысы Дін мәселесі орталығының инспекторы Б.Күзекбай, орталықтандырылған кітапхана бөлімінің басшысы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Н.Филипенко, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары О.Цой, аудандық дінаралық қатынастарды зерттеу және талдау бойынша нұсқаушы А.Асқарова қатысты.

Бірінші сөз кезегін алған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Н.Филипенко Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы маңызды мәселелерге тоқталып, алға қойған мақсат және міндеттерін айтып берді. Сол сияқты бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін, бәсекеге қабілетті болу үшін біршама іс – шараларды жүзеге асыру керектігін жеткізді. Облысы Дін басқармасы орталығының инспекторы Бағжан Ерболатұлы өз сөзінде Елбасының әлемде экстремизм мен терроризм өршіп тұрған кездегі еліміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екендігін, Жолдаудың маңыздылығын әрі әсіресе діни тұрғыдағы терроризмге күресті күшейту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы арнайы бағдарлама шеңберінде осы орындарда терроризмге қарсы күрес жайлы әлеуметті желілер арқылы таратылатын көріністерге сене бермеуге шақырды. Арнайы маманға еліп кеңес алуды баса айтты. Аудандық дінаралық қатынастарды зерттеу және талдау бойынша нұсқаушы Айнаш Тайтөлеуқызы қазақтың салт – дәстүрлерін біріктіре отырып, дін мен салттың сабақтастығы туралы тұщымды ойларымен бөлісті. Кездесу соңында қатысушылардан сауалнама алынып, сұрақтарына жауап берілді.

Гүлнұр ӘБЕУОВА

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *